Торпедоның өтінімі және Құрлықтық кубок матчтарының кестесі

14 qańtar
490

14–17 қаңтар аралығында Ұлыбританияның Ноттингем қаласында Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өтетін Құрлықтық кубоктің шешуші кезеңі өтеді.

Жартылай финалдан бастап беделді трофей үшін күресті «Торпедо» командасы бастайды. В тобында өскемендіктердің қарсыластары Францияның «Анже» және Данияның «Хернинг Блю Фокс» клубтары болмақ. Ал А тобында Польшаның «Катовице» командасы, Латвияның «Мого» клубы және турнир қожайындары — «Ноттингем Пантерс» ойнайды.Кубоктің финалына топ жеңімпаздары шығады. Жүлделі орындар үшін матчтар 17 қаңтар күні өтеді.

«Торпедо» матчтарының Астана уақыты бойынша кестесі:

15 қаңтар сағ.19:30 «Хернинг Блю Фокс» - «Торпедо»;

16 қаңтар сағ. 19:30 «Торпедо» – «Анже».

«Торпедоның» турнирге ұсынған өтінімі

Қақпашылар: Андрей Янков, Владислав Пестов, Вадим Грохотов.

Қорғаушылар: Фёдор Хорошев, Станислав Боровиков, Степан Александров, Данияр Каиров, Дмитрий Быков, Илья Рыжий, Александр Пелевин, Иван Гавриленко, Марат Сағымбаев, Никита Дубинкин.

Шабуылшылар: Максим Мусоров, Дмитрий Гренц, Михаил Рахманов, Александр Панченко, Эрик Алдабергенов, Илья Кляузов, Никита Колобов, Андрей Рунов, Диас Рысбеков, Артур Глухих, Андрей Яковлев, Степан Рифель, Владимир Боровков.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.