Pro Ligasy ойын күнінің жалғыз матчы шахтерлер астанасында өтті.
«Сарыарка» кеше «Бейбарысқа» қарсы матчтағы сәтсіз жеңілістен кейін бүгін қарсыластарына мүлде мүмкіндік қалдырмады. Алаң иелері үшін шешуші екінші кезең болды, осы аралықта атыраулықтардың қақпасына бес шайба соғылды. Сергей Барбашев пен Александр Борисевич өз есептеріне үш ұпайдан жазды (екеуі де 1+2). Қарағандылықтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 38 соққыны тойтарды. Осы жеңістен кейін Владимир Князевтің шәкірттері кем дегенде 27 желтоқсан кешіне дейін лиганың турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.
«Сарыарқа» - «Бейбарыс» 8:0 (1:0, 5:0, 2:0)
1:0 - 06:57 - Пономарёв (Пархоменко, Наместников)
2:0 - 21:02 - Барбашев (Борисевич, Кузьменко)
3:0 - 21:22 - Дёмин (Смольянинов)
4:0 - 30:30 - Лихотников (Степаненко)
5:0 - 30:51 - Борисевич (Барбашев, Степаненко)
6:0 - 33:42 - Смольянинов (Наместников, Сиксна)
7:0 - 42:07 - Кузьменко (Борисевич, Лихотников) ГБ
8:0 - 51:28 - Королинский (Барбашев) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Осипов (Микушин, 21:22-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager