Торпедоның Павлодардағы құрғақ жеңісі, Ақтөбе тамаша камбэк жасады

22 jeltoqsan
219

Дүйсенбіге Pro Ligasy-нда екі кездесу жоспарланды.

«Ертіс» Өскеменнен келген географиялық көршілеріне төтеп бере алмады. «Торпедо» ойыншылары үш рет басымдықта шайба соғып, тағы бір голды тең құрамда салды және қорғаныста өте сенімді ойнады. Айта кетерлігі, 16 жастағы Давид Зиновьев ересектер деңгейіндегі алғашқы матчында-ақ «құрғақ» ойын өткізіп, 11 сейв жасады. Михаил Рахманов нәтижелілігі үшін 3 (2+1) ұпай еншіледі.

«Ертіс» - «Торпедо» 0:7 (0:3, 0:4, 0:0)

0:1 - 04:31 - Боровков (Глухих, Хорошев) ГМ

0:2 - 05:20 - Колобов (Яковлев)

0:3 - 19:59 - Рахманов (Глухих, Гренц) ГБ

0:4 - 28:45 - Мусоров (Колобов, Хорошев) ГБ

0:5 - 32:42 - Боровиков (Гренц, Рахманов) ГБ

0:6 - 35:59 - Александров (Алдабергенов, Пелевин)

0:7 - 38:35 - Рахманов (Кляузов, Мусоров)

Қақпашылар: Какенов (Нечвиенко, 35:59-60:00) - Зиновьев

«Горняк» «Ақтөбеге» қарсы өткен үй матчын қарқынды бастап, алғашқы үзіліске дейін-ақ үш шайбалық басымдыққа ие болды. Валерий Гурин дубль жасап, Данила Платонов тағы бір рет мергендік танытты. Оқиғаның мұндай өрбуінен кейін қонақтар ұзақ уақыт бойы өз-өздеріне келе алмады, тек екінші жиырма минуттықтың аяқталуына 17 секунд қалғанда ғана көпшілік құрамда көзге түскен Дінмұхамед Сапарбек бір шайбаны қайтарды. Ал соңғы кезеңде «Ақтөбе» ойыншылары толықтай бой үйретіп, есепті теңестірді. Сапарбек дубль авторы атанса, тағы бір дәл соққыны Алексей Козорез өз еншісіне жазды. Дәл осы Козорез овертайм бастала салысымен ақтөбеліктерге жеңіс сыйлады.

«Горняк» - «Ақтөбе» 3:4 ОТ (3:0, 0:1, 0:2, 0:1)

1:0 - 12:13 - Гурин (Юлбарисов, Степанов)

2:0 - 18:24 - Гурин (Юлбарисов, Лазарев)

3:0 - 19:40 - Платонов (Гурин) ГБ

3:1 - 39:43 - Сапарбек (Трибунский) ГБ

3:2 - 51:52 - Козорез (Құрсақбаев, Петров)

3:3 - 54:17 - Сапарбек (Петров, Комаров)

3:4 - 60:15 - Козорез (Құрсақбаев, Комаров)

Қақпашылар: Тихонов – Костюков 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.