Торпедо мен Сарыарқа Номадтан алшақтықты азайтты, Ақтөбенің Павлодардағы минималды жеңісі

19 jeltoqsan
201

Жұма күніне Pro Ligasy-нда төрт матч жоспарланды.

Роман Старченко соққан шайба «Номадқа» «Торпедомен» өткен екінші үй кездесуінде жеткіліксіз болды. Өскемендіктер бұған бес дәл соққымен жауап беріп, сенімді жеңіске жетті. Қонақтар сапында Дмитрий Гренц 3 (1+2) ұпай жинады. Астанаға сәтті сапардың арқасында Андрей Корабейников шәкірттері көшбасшы бірінші орыннан қалып келе жатқан айырманы екі ұпайға дейін қысқартты.

«Номад» - «Торпедо» 1:5 (1:2, 0:1, 0:2)

1:0 - 03:53 - Старченко (Бойко, Муратов)

1:1 - 08:53 - Панченко (Рыжий, Дубинкин)

1:2 - 10:25 - Колобов (Яковлев, Хорошев) ГБ

1:3 - 39:30 - Рахманов (Гренц)

1:4 - 41:07 - Гренц (Рахманов)

1:5 - 42:01 - Алдабергенов (Панченко, Гренц)

Қақпашылар: Калмыков (Дубинскас, 10:25-60:00) - Пестов

«Ақтөбе» Павлодарда өткен матчта ең аз есеппен жеңіске жетті. Батысқазақстандықтардың табысына Даниил Цихоцкийдің дәл соққысы мен Илья Костюковтың 29 сейві себеп болды.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 48:56 - Цихоцкий (Комаров, Астраханцев)

Қақпашылар: Какенов - Костюков

«Бейбарыс» «Құлагерден» жеңісті жұлып алды. Шешуші шайбаның авторы – дубль жасаған Алексей Клочков. Артём Микушин қақпаға бағытталған 36 соққыны қайтарды.

«Бейбарыс» - «Құлагер» 3:2 (0:0, 2:2, 1:0)

1:0 - 29:51 - Клочков (Асуханов, Гасников)

1:1 - 31:02 - Своеволин (Шапорев, Гончаров)

1:2 - 32:03 - Гончаров (Воробьёв, Исмагилов)

2:2 - 37:41 - Шишов (Корчагин, Дорофеев) ГБ

3:2 - 48:33 - Клочков

Қақпашылар: Микушин - Осокин

«Сарыарқа» оңтүстік астанадан төрт ұпай олжалады. Қарағандылықтармен өткен екінші кездесуде алматылықтар есепте алда болғанымен, қонақтар жігер танытып, алдымен таразы басын теңестіріп, кейін овертаймда Эдгарс Сикснаның голының арқасында жеңіске жетті. Даниил Кадочниковтың еншісінде 29 сейв бар. Осы табыстан кейін Владимир Князев шәкірттері чемпионат көшбасшысы «Номадпен» ұпай жағынан теңесті.

«Алматы» - «Сарыарқа» 2:3 ОТ (1:1, 0:0, 1:1, 0:1)

1:0 - 03:22 - Петросян (Гусейнов)

1:1 - 15:40 - Пономарёв (Пономарёв)

2:1 - 43:14 - Атаханов (Валиев, Петросян) ГБ

2:2 - 52:13 - Лихотников (Борисевич, Сиксна) ГБ

2:3 - 61:44 - Сиксна (Борисевич, Волков)

Қақпашылар: Эрштейн - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.