Дүйсенбіге Pro Ligasy-нда үш кездесу жоспарланды.

Ерасыл Шайкеновтің дублі актөбеліктерге Өскеменде ұпай еншілеу үшін жеткіліксіз болды. Алаң иелері бұған Дмитрий Гренц, Артур Глухих және Никита Колобовтың дәл соққыларымен жауап қатты. Жеңіс шайбасын Никита Колобов финалдық сиренаға үш жарым минут қалғанда соқты. «Торпедо» қақпашысы Андрей Янковтың еншісінде 23 сейв бар.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:2 (1:1, 0:0, 2:1)
1:0 - 01:35 - Гренц (Алдабергенов, Панченко)
1:1 - 04:29 - Шайкенов (Плотников)
1:2 - 50:44 - Шайкенов (Зизевских, Плотников)
2:2 - 54:02 - Глухих
3:2 - 56:29 - Колобов (Кляузов, Мусоров) ГБ
Қақпашылар: Янков - Ершов

«Горняк» пен «Алматыға» бұл жолы да негізгі уақыт жеңімпазды анықтау үшін жеткіліксіз болды. Бүгін оңтүстік астаналық команда соңғы минуттарда екі шайба соғып, нағыз ерлік камбэк жасады. Алайда жеңіс рудныйлықтардың еншісінде қалды. Алаң иелері сапынан Валерий Гурин дубль авторы атанып, шешуші соққыны да өзі орындады.
«Горняк» - «Алматы» 4:3 ОТ (0:1, 3:0, 0:2, 1:0)
0:1 - 18:20 - Медведев (Петросян)
1:1 - 27:57 - Лазарев (Платонов, Рахимов) ГБ
2:1 - 33:42 - Платонов (Лазарев, Горожанинов)
3:1 - 38:22 - Гурин (Кротов, Катков)
3:2 - 57:54 - Петросян (Валиев, Филиппенко) ГБ
3:3 - 58:36 - Филиппенко (Петросян, Гусейнов)
4:3 - 61:06 - Гурин (Юлбарисов, Тихонов)
Қақпашылар: Тихонов - Эрштейн

«Номадтың» жеңісті сериясы үш матчпен тоқтады. Бүгін «көшпенділер» Көкшетауда минималды айырмашылықпен жеңіліс тапты. «Арланға» екі ұпай әкелгендер — Тамерлан Бейсембиев пен Арсений Борисовтың дәл соққылары, сондай-ақ Тимур Мейдердің еншісіндегі 19 сейв.
«Арлан» - «Номад» 2:1 (0:0, 1:1, 1:0)
0:1 - 29:14 - Цыбин
1:1 - 33:53 - Бейсембиев (Кравченко)
2:1 - 47:10 - Борисов (Санников, Преснов) ГБ
Қақпашылар: Мейдер - Дубинскас
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager