Номад елдің солтүстігінен 4 балмен қайтты

11 jeltoqsan
802

Қазақстан чемпионатында бейсенбі күні бір матч жоспарланған.

«Құлагер» жастау әрі табанды «көшпенділерге» қарсы ештеңе істей алмады. Бүгін астаналық ұжым алғашқы кезеңнің өзінде-ақ қарсылас қақпасын үш рет дәл көздеп, қорытынды жеңіске берік негіз қалады. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Абай Маңғысбаев болып, ол төрт голға (1+3) қатысты. Юргис Дубинскас өз есебіне 39 сейв жазды.

«Құлагер» - «Номад» 2:5 (0:3, 2:1, 0:1)

0:1 - 01:01 - Сүлейменов (Маңғысбаев, Гусейнов) ГБ

0:2 - 13:01 - Маңғысбаев (Китаров)

0:3 - 18:12 - Мигунов (Маңғысбаев, Китаров)

1:3 - 26:28 - Воробьёв (Исмагилов, Попитич)

1:4 - 39:10 - Бейсембаев (Гатиятов, Гусейнов)

2:4 - 39:28 - Шапорев (Мұқанов)

2:5 - 58:36 - Гусейнов (Маңғысбаев, Сүлейменов) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Дубинскас


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.