Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш кездесумен жалғасады.

«Номад» қысқартылған құраммен ойнаса да «Құлагерден» басым түсті. Астаналық ұжымның жеңісіне Әділ Бейсембаевтың дублі, Никита Ситниковтың дәл соққысы және Юргис Дубинскастың 33 сейві себеп болды. Осы жеңістен кейін «көшпенділер» турнир кестесінің жоғарғы сатысына қайта оралды.
«Құлагер» - «Номад» 2:3 (0:1, 1:1, 1:1)
0:1 - 19:16 - Бейсембаев
1:1 - 27:40 - Воробьёв (Попитич)
1:2 - 34:12 - Бейсембаев (Гатиятов, Гусейнов) ГБ
1:3 - 43:38 - Ситников (Решетько, Шакшакбаев)
2:3 - 45:52 - Гатин (Бурлака, Шапорев) ГБ
Қақпашылар: Осокин - Дубинскас

«Ақтөбе» мен «Горняктың» екінші кездесуінде барлығын 16-минуттың соңында Алексей Козорез салған жалғыз нәтижелі соққы шешті. Осы шайба мен қақпашы Илья Костюковтың 32 сейві алаң иелеріне тоғыз матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатуға мүмкіндік берді.
«Ақтөбе» - «Горняк» 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)
1:0 - 15:56 - Козорез
Қақпашылар: Костюков - Нурек

«Арлан» «Ертісті» тағы да ойсырата жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. Қонақтар сапындағы шабуылшы Евгений Орлов хет-трик авторы атанды. Никита Свинцицкий (2+2) мен Степан Санников (1+3) өз есептеріне төрт ұпайдан жазды. Владимир Истомин қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды.
«Ертіс» - «Арлан» 1:10 (0:4, 0:5, 1:1)
0:1 - 07:05 - Орлов (Санников, Преснов)
0:2 - 10:43 - Беляев (Борисов) ГБ
0:3 - 13:08 - Санников (Ибраев) ГМ
0:4 - 15:27 - Кисель (Чапоров, Денисов)
0:5 - 20:28 - Кравченко (Аипов, Свинцицкий)
0:6 - 22:27 - Свинцицкий (Чапоров, Кравченко) ГБ
0:7 - 27:28 - Орлов (Санников, Борисов)
0:8 - 29:16 - Орлов (Санников, Преснов) ГБ
0:9 - 30:34 - Беляев (Ибраев, Свинцицкий)
0:10 - 46:37 - Свинцицкий (Кравченко)
1:10 - 56:11 - Евлоев (Кладов)
Қақпашылар: Челайдюк (Какенов, 10:43-30:34) - Истомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak