Горняк Ақтөбені жеңді, алаң иелерінің Павлодар мен Атыраудағы сойқандары

9 jeltoqsan
880

Хоккейден Қазақстан чемпионаты Ақтөбедегі, Павлодар мен Атыраудағы кездесулермен жалғасты.

«Ақтөбе» өз алаңында «Горнякке» жол беріп, сәтсіздік сериясын тоқтата алмады. Батысқазақстандықтар үш шайбамен алда болғанымен, қонақтар есепті теңестіріп қана қоймай, шешуші үшінші кезеңде жеңіс шайбасын соқты. Оның авторы – Никита Ляпунов.

«Ақтөбе» - «Горняк» 3:4 (2:0, 1:2, 0:2)

1:0 - 03:35 - Сапарбек (Плотников)

2:0 - 08:16 - Комаров (Шайкенов, Петров) ГБ

3:0 - 23:05 - Козорез (Комаров, Петров)

3:1 - 25:20 - Крицин (Катков)

3:2 - 28:27 - Саввин

3:3 - 52:17 - Шимин (Крицин, Базько)

3:4 - 53:12 - Ляпунов (Гурин, Лазарев)

Қақпашылар: Костюков - Нурек

«Ертіс» алғашқы үйдегі текетіресте «Арланға» лайықты қарсылық көрсете алмады. Қонақтар сапынан Денис Чапоров дубль авторы атанса, «көкшеліктердің» жаңадан қосылған ойыншысы Вадим Кравченко серіктестеріне үш рет нәтижелі пас берді.

«Ертіс» - «Арлан» 2:8 (0:2, 2:5, 0:1)

0:1 - 01:51 - Чапоров (Кисель)

0:2 - 07:26 - Чапоров (Беляев, Кравченко) ГБ

0:3 - 24:15 - Шапоров (Орлов, Санников)

0:4 - 26:49 - Денисов (Бейсембиев, Чапоров)

1:4 - 27:15 - Пидяшов

2:4 - 28:18 - Акпирганов ШБ

2:5 - 30:15 - Орлов (Борисов) ГБ

2:6 - 30:55 - Свинцицкий (Кравченко, Ибраев)

2:7 - 37:42 - Беляев (Ибраев, Кравченко)

2:8 - 49:03 - Санников (Борисов, Преснов)

Қақпашылар: Нечвиенко (Челайдюк, 30:55-60:00) - Истомин

«Сарыарқа» «Бейбарыспен» өткен екінші кездесуде ойынды қарқынды бастап, қарсыластарын ойсырата жеңді. Алаң иелерінің қақпасына Данила Карабань екі шайба соқты. Қонақтардың үш нәтижелі шабуылына қорғаушы Егор Наместников (1+2) қатысып, көзге түсті. Осы жеңістен кейін қарағандылықтар тұрақты чемпионатта жеке дара бірінші орынға көтерілді.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 2:7 (0:3, 1:2, 1:2)

0:1 - 09:39 - Королинский

0:2 - 13:13 - Карабань (Сиксна) ГБ

0:3 - 14:24 - Наместников (Фазлеев, Барбашев) ГБ

1:3 - 24:56 - Гасников (Стулов, Шарапов) ГБ

1:4 - 25:57 - Полохов (Шульга)

1:5 - 27:04 - Кузьменко (Фазлеев)

1:6 - 40:28 - Карабань (Наместников)

1:7 - 42:43 - Дёмин (Наместников, Сиксна)

2:7 - 45:20 - Шингареев (Шарапов, Корчагин)

Қақпашылар: Осипов (Микушин, 14:24-41:40) - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.