Сарыарқа Бейбарысты жеңді

8 jeltoqsan
862

Pro Ligasy-ның жұмыс аптасы Атыраудағы бір матчпен ашылды.

«Сарыарқа» «Бейбарыспен» алғашқы қарсыласуында сәтті өткен үшінші кезеңнің арқасында ерік-жігер танытып, жеңіске жетті. Қарағандылықтарға екі ұпайды Данила Карабань мен финалдық сиренаға төрт жарым минут қалғанда көзге түскен Эдуард Михайловтың дәл соққылары, сондай-ақ Данила Кадочниковтың еншісіндегі 35 сейв алып келді. Осы матчтан кейін Владимир Князевтің шәкірттері тұрақты чемпионатта жинаған ұпай саны бойынша «Номадпен» теңесті.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 1:2 (0:0, 1:0, 0:2)

1:0 - 27:55 - Гасников (Клочков, Казаченко) ГБ

1:1 - 42:47 - Карабань (Борисевич, Лихотников) ГБ

1:2 - 55:36 - Михайлов (Степаненко, Лихотников)

Қақпашылар: Микушин - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.