Pro Ligasy ойын күнінің жалғыз матчы оңтүстік астанада өтті.
Алаң иелері кездесуді сәтті бастап, Михаил Тарасов пен Александр Ананичевтің күш салуымен қарсыластарын екі рет қапы қалдырды. Алайда петропавлдықтар ойынға тез қайта оралып, үзіліске дейін есепті теңестірді – Ян Хоменко мен Дмитрий Исмагилов көзге түсті. Шешуші сәт соңғы кезеңде туды: қонақтар сан басымдығын екі мәрте тиімді пайдаланып, есепте шешуші басымдыққа қол жеткізді. Маңызды шайбалардың авторлары Александр Воробьёв пен Роман Коваленко болды.
«Алматы» - «Құлагер» 3:5 (2:2, 1:1, 0:2)
1:0 - 05:23 - Тарасов (Петрасюк)
2:0 - 11:09 - Ананичев (Гусейнов, Петросян) ГБ
2:1 - 17:23 - Хоменко (Мартынов, Базанов)
2:2 - 19:42 - Исмагилов (Тунхузин, Воробьёв) ГБ
2:3 - 22:13 - Своеволин (Шапорев)
3:3 - 34:11 - Жульдиков (Петросян, Анисимов)
3:4 - 42:53 - Воробьёв (Попитич, Исмагилов) ГБ
3:5 - 57:14 - Коваленко (Муқанов) ГБ
Қақпашылар: Эрштейн - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak