Жұмыс аптасы Pro Ligasy-ның үш кездесуімен аяқталды.
«Торпедо» Өскемендегі алғашқы жекпе-жекте «Арланның» арынын басты. Алаң иелері шешуші іс-қимылды екінші жиырма минуттықта жасады. Владимир Боровков дубль жасады, Дмитрий Быков командаластарына екі рет пас берді. Владислав Пестовтың есебінде 32 сейв бар. Бұл негізгі уақытта жеткен жеңіс Андрей Корабейниковтің шәкірттерінің биылғы тұрақты чемпионаттағы 20-шы жеңісі болды.
«Торпедо» - «Арлан» 4:1 (1:1, 2:0, 1:0)
0:1 - 05:32 - Недилько (Свинцицкий, Беляев) ГБ
1:1 - 19:47 - Боровков (Рахманов, Быков)
2:1 - 25:23 - Кляузов (Боровков, Быков)
3:1 - 39:08 - Колобов (Рыжий, Гребенщиков)
4:1 - 58:26 - Боровков
Қақпашылар: Пестов - Мейдер
«Ақтөбе» мен «Сарыарқаның» текетіресінде шахтерлер астанасының хоккейшілері басым түсті. Өз есептерін Владимир Волков, Эдгарс Сиксна, Радель Фазлеев пен Егор Смольянинов толтырды. Данил Кадочников 24 соққыға тойтарыс берді.
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 1:4 (0:1, 1:1, 0:2)
0:1 - 07:36 - Волков (Лихотников, Фазлеев)
0:2 - 21:37 - Сиксна (Борисевич, Лихотников) ГБ
1:2 - 35:12 - Захаров (Козорез)
1:3 - 49:57 - Фазлеев (Борисевич)
1:4 - 51:51 - Смольянинов (Пальмтаг, Михайлов)
Қақпашылар: Костюков - Кадочников
Рудныйлықтар бірінші кезеңнің соңында Оскар Юлбарисовтың арқасында есеп ашты. Алайда әрі қарай «Бейбарыс» шайбаны өз бақылауына алып, екі балл иемденді және атыраулықтарды өкшелеп қуып келе жатқан «Горняктан» алыстады. Жеңіс шайбасының авторы – Юсуп Асуханов. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Владимир Корчагин (1+2) қатысты.
«Бейбарыс» - «Горняк» 6:2 (0:1, 3:1, 3:0)
0:1 - 16:02 - Юлбарисов (Кротов, Гурин) ГБ
1:1 - 26:41 - Клочков
2:1 - 35:40 - Ананичев (Корчагин, Колотыгин) ГБ
3:1 - 37:05 - Асуханов (Актаев)
3:2 - 39:28 - Гурин (Горожанинов, Юлбарисов)
4:2 - 44:02 - Корчагин (Шишов, Дорофеев)
5:2 - 49:11 - Гасников (Стулов, Ананичев) ГБ
6:2 - 56:27 - Миллер (Корчагин, Шишов)
Қақпашылар: Осипов - Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager