Қыстың алғашқы күнінде Pro Ligasy-нда екі матч өтті.
«Ертіс» «Алматыға» қарсы кездесуде ұпайдан айырылып қала жаздады. Жеңімпаз тек матчтың ең соңғы сәтінде анықталды – Дамир Айдуков финалдық сиренаға 77 секунд қалғанда көзге түсті. Ал соңғы есепті Денис Гафаров орнатты, ол алаң иелерінің бос қақпасын дәл көздеді.
«Ертіс» - «Алматы» 2:4 (1:1, 0:1, 1:2)
1:0 - 10:52 - Жабунин (Білімбаев, Букарь) ГБ
1:1 - 15:46 - Медведев (Филиппенко, Фокин)
1:2 - 30:14 - Анисимов (Валиев, Филиппенко)
2:2 - 55:41 - Акпирганов (Пак, Пидяшов)
2:3 - 58:43 - Айдуков (Гафаров, Гусейнов)
2:4 - 59:57 - Гафаров (Гусейнов, Айдуков) ПВ
Қақпашылар: Нечвиенко - Клоберданец
«Ақтөбе» мен «Бейбарыс» екінші кездесуде аса нәтижелі ойын көрсетіп, қос команда бірге 11 шайба соқты. Дәлдігі жағынан бүгін тағы да атыраулықтар басым болды. Олар жойқын өткен екінші кезеңде қарсыластарын төрт рет қапы қалдырып, есепте шешуші басымдық орнатты. Қонақтардың төрт нәтижелі шабуылына Артём Ананичев (1+3) үлес қосты. Алаң иелері сапында Михаил Калиниченко дубль авторы атанды.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 4:7 (2:1, 0:4, 2:2)
0:1 - 14:02 - Казаченко (Ананичев, Еркинов)
1:1 - 15:09 - Калиниченко (Козорез, Плотников) ГБ
2:1 - 18:51 - Петров (Комаров, Калиниченко)
2:2 - 21:28 - Ананичев (Еркинов)
2:3 - 21:52 - Асуханов (Гасников)
2:4 - 25:00 - Колотыгин (Ананичев) ГБ
2:5 - 32:29 - Ақтаев (Бельгибаев, Васин)
2:6 - 45:18 - Корчагин (Ананичев, Колотыгин) ГБ
3:6 - 46:00 - Сапарбек (Захаров, Плотников)
3:7 - 47:23 - Гасников (Клочков, Асуханов)
4:7 - 49:42 - Калиниченко (Петров, Құрсақбаев)
Қақпашылар: Костюков - Микушин (Осипов, 20:00-54:18)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager