Күздің соңғы күні хоккейден Қазақстан чемпионатында бір матч өтті.
Батыс Қазақстандағы матчта «Бейбарыс» сенімді жеңіске жетті. Атыраулықтар үшін бұл овертаймсыз және буллиттер сериясынсыз тіркелген маусымдағы оныншы жеңіс болды. Ал «Ақтөбе» биылғы маусымда негізгі уақытта жиырмасыншы мәрте жеңіліске ұшырады. Қонақтар сапында Анатолий Шишов хет-трик авторы атанса, Владимир Корчагин екі мәрте голға пас берді. Атыраулық қақпашы Никита Осипов қақпаға бағытталған 26 соққыны қайтарды.
«Ақтөбе» - «Бейбарыс» 2:6 (0:2, 1:3, 1:1)
0:1 - 12:38 - Ананичев
0:2 - 13:27 - Клочков (Крицин, Гасников)
0:3 - 26:19 - Шишов (Дорофеев, Ананичев) ГБ
1:3 - 27:53 - Трибунский (Захаров)
1:4 - 31:16 - Шишов (Колотыгин, Корчагин) ГБ
1:5 - 35:23 - Шишов (Корчагин)
1:6 - 44:48 - Асуханов
2:6 - 53:17 - Сапарбек (Шайкенов, Захаров)
Қақпашылар: Ершов (Дубович, 40:00-60:00) - Осипов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager