Горняк Ертісті әрең жеңді, Бейбарыстың оңтүстік астанадағы қарымтасы

27 qarasha
823

Бейсенбі күні Қазақстан чемпионатында екі хоккей матчы жоспарланған.

Кеше ірі есеппен жеңілгеннен кейін бүгін «Ертіс» «Горнякқа» лайықты қарсылық көрсетті. Дегенмен тәжірибесі мол рудныйлық команда таразы басын өз жағына аудара алды. Жеңіс шайбасының авторы – дубль жасаған Валерий Гурин. Үш нәтижелі пас Евгений Степановтың еншісінде. Қожайындар қатарында Дмитрий Пидяшов екі дөп соққымен көзге түсті.

«Ертіс» - «Горняк» 4:5 (0:0, 2:2, 2:3)

0:1 - 21:19 - Гурин (Степанов)

0:2 - 29:57 - Кротов (Юлбарисов, Гурин) ГБ

1:2 - 30:05 - Пидяшов (Акпирганов, Анцельм) ГБ

2:2 - 36:03 - Букарь (Шлычков, Анцельм) ГБ

2:3 - 41:28 - Саввин

3:3 - 42:07 - Пидяшов (Акпирганов)

4:3 - 44:44 - Демирделен (Кладов)

4:4 - 49:15 - Юлбарисов (Степанов) ГМ

4:5 - 52:04 - Гурин (Юлбарисов, Степанов)

Қақпашылар: Нечвиенко - Тихонов

«Бейбарыс» «Алматыдан» қарымта қайтару үшін көп тер төкті. Екінші ойында шешуші рөлді соңғы кезең атқарды. Атыраулықтар үшін жеңіс голын Юсуп Асуханов салды. Қонақтар қақпашысы Никита Осипов 36 сейв жасады.

«Алматы» - «Бейбарыс» 2:4 (1:1, 1:1, 0:2)

1:0 - 12:55 - Машинец (Валиев, Атаханов) ГБ

1:1 - 13:58 - Еркінов (Стулов, Дорофеев)

1:2 - 24:50 - Корчагин (Дорофеев, Ткачев)

2:2 - 30:13 - Атаханов (Петросян, Валиев) ГБ

2:3 - 40:36 - Асуханов

2:4 - 57:39 - Клочков

Қақпашылар: Эрштейн - Осипов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.