Құлагер Арланнан қарымта қайтарды, Бейбарыс Ертісті әрең жеңді

19 qarasha
238

Сәрсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Құлагер» үшінші кезеңді өте сәтті өткізіп, Солтүстікқазақстандық тартыста қарымта алды. Бұл жеңісте петропавлдықтардың артық құрамды жүзеге асыруы маңызды рөл атқарды. Алаң иелерінің қорғаушысы Артём Гончаров дубльмен көзге түсті. «Құлагер» қақпашысы Денис Каратаевтың еншісінде 24 сейв бар.

«Құлагер» - «Арлан» 4:1 (0:0, 1:1, 3:0)

0:1 - 27:15 - Борисов (Орлов, Преснов) ГБ

1:1 - 37:56 - Гончаров (Попитич, Тунхузин) ГБ

2:1 - 46:21 - Исмагилов (Тунхузин, Гончаров) ГБ

3:1 - 47:52 - Гончаров (Базанов)

4:1 - 50:29 - Попитич (Исмагилов)

Қақпашылар: Каратаев - Мейдер (Истомин, 50:29-60:00)

«Бейбарыс» өз алаңында «Ертіспен» өткізген алғашқы матчта үлкен басымдыққа ие болып, қарсы қақпаға 62 соққы бағыттады. Алайда Вячеслав Нечвиенко алаң ойыншыларының қолдауымен сенсация жасай жаздады. Десе де, Павел Колотыгин мен Юсуп Асухановтың соққылары жетер жеріне жетті. Атыраулықтар қиын жеңіске қол жеткізіп, осы маусымдағы гол саны бойынша 50-дік көрсеткішке жетті.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 21:54 - Колотыгин (Корчагин, Ананичев)

1:1 - 40:49 - Акпирганов (Пидяшов)

2:1 - 51:06 - Асуханов (Авдеенко, Клочков)

Қақпашылар: Микушин - Нечвиенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.