Торпедо екінші орында, Горняк пен Құлагер үйде жеңіске жетті

14 qarasha
344

Pro Ligasy-ның жұмыс аптасы үш матчпен аяқталды.

«Торпедо» шешуші шайбаны финалдық сиренаға төрт жарым минут қалғанда соғып, «Номадтан» жеңісті жұлып алды. Оның авторы — бұрын «көшпенділер» сапында ойнаған Никита Колобов. Алаң иелері құрамында Андрей Рунов дубльмен көзге түсті. Биылғы чемпионаттағы 20-шы жеңісіне қол жеткізген өскемендік команда турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

«Торпедо» - «Номад» 5:2 (1:1, 1:1, 3:0)

1:0 - 08:46 - Рунов (Александров, Лагунов)

1:1 - 12:46 - Бойко

1:2 - 24:21 - Маңғысбаев (Оспанов, Гатиятов)

2:2 - 36:49 - Панченко (Колобов, Глухих)

3:2 - 55:46 - Колобов (Панченко)

4:2 - 58:56 - Рунов ПВ

5:2 - 59:38 - Лагунов (Пестов) ПВ

Қақпашылар: Пестов - Калмыков

«Ертіс» Рудныйдағы екінші матчтыекпінді бастап, қысқа уақыт ішінде Дмитрий Пидяшовтың еңбегінің арқасында қарсыластар қақпасын екі рет дәл көздеді. Алайда «Горняк» көп ұзамай ойынға оралып, бастаманы өз қолына алды да, екі ұпай еншіледі. Евгений Степанов дубльмен көзге түссе, алаң иелерінің бес голдық шабуылына Валерий Гурин (1+4) қатысты.

«Горняк» - «Ертіс» 6:2 (2:2, 3:0, 1:0)

0:1 - 06:30 - Пидяшов (Бекбаев)

0:2 - 07:20 - Пидяшов (Анцельм, Акпирганов)

1:2 - 13:24 - Омельковец (Саввин, Гурин)

2:2 - 14:20 - Ляпунов (Горожанинов, Рахимов)

3:2 - 29:34 - Степанов (Гурин, Юлбарисов)

4:2 - 33:59 - Степанов (Гурин, Саввин)

5:2 - 36:09 - Гурин (Степанов, Юлбарисов)

6:2 - 59:59 - Юлбарисов (Степанов, Гурин)

Қақпашылар: Нурек (Тихонов, 49:37-60:00) - Какенов

«Құлагер» өте ауыр өткен ойында «Алматыны» тізе бүктірді. Петропавлдықтар жеңіс голын кездесудің 56-шы минутында соқты – оның авторы Александр Своеволин. Алаң иелерінің қақпашысы Антон Осокин қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

«Құлагер» - «Алматы» 2:1 (1:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 02:43 - Исмагилов (Тунхузин, Попитич)

1:1 - 05:31 - Фокин (Валиев, Ананичев)

2:1 - 55:47 - Своеволин (Бурлака)

Қақпашылар: Осокин - Клоберданец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.