Номад Торпедоның арынын басты, Ертіс Рудныйда ойсырай жеңілді

13 qarasha
335

Pro Ligasy-ның Өскемен мен Рудныйдағы матчтарын бақылайық.

Маусым көшбасшыларының тартысында «Номад» мықтырақ болып, турнир кестесінде бірінші орнын нығайтты. Қонақтарға жеңіс сыйлаған шайбаның авторы – қазақстандық хоккей аңызы Роман Старченконың пасынан кейін көзге түскен Олег Бойко. «Көшпенділердің» қақпашысы Роман Калмыков қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Номад» 2:4 (1:2, 1:1, 0:1)

0:1 - 03:59 - Данияр (Тұрсынов, Гусейнов)

0:2 - 18:26 - Гусейнов (Муратов) ГБ

1:2 - 18:40 - Рунов (Боровиков, Яковлев)

1:3 - 28:36 - Бойко (Старченко)

2:3 - 31:26 - Алдабергенов (Колобов, Пелевин) ГБ

2:4 - 58:56 - Оспанов (Колесников, Мангисбаев) ПВ

Қақпашылар: Пестов - Калмыков

«Горняк» Рудныйдағы алғашқы матчта «Ертіске» еш мүмкіндік қалдырмады. Евгений Степанов хет-трик жасаса, Валерий Гурин (2+4) алаң иелерінің алты голдық шабуылына қатысқан. Осы жеңістің арқасында Сергей Невструевтің шәкірттері плей-офф аймағындағы орнын нықтай түсті. Ал павлодарлықтар биылғы маусымдағы 19-шы жеңілісін тіркеді.

«Горняк» - «Ертіс» 11:2 (3:1, 4:0, 4:1)

1:0 - 04:12 - Пархоменко (Мозжерин, Ляпунов)

2:0 - 11:22 - Степанов (Гурин, Кротов)

3:0 - 14:27 - Гурин (Кротов, Юлбарисов)

3:1 - 16:41 - Шлычков (Акпирганов) ГБ

4:1 - 22:10 - Платонов (Кротов, Степанов)

5:1 - 29:06 - Утебаев (Барабаш, Омельковец)

6:1 - 35:26 - Юлбарисов (Гурин)

7:1 - 36:27 - Барабаш (Өтебаев) ГМ

8:1 - 43:32 - Пархоменко (Катков, Ляпунов) ГБ

9:1 - 44:17 - Степанов (Гурин, Юлбарисов)

9:2 - 47:59 - Кладов (Анцельм, Евлоев)

10:2 - 51:47 - Степанов (Гурин, Юлбарисов)

11:2 - 59:44 - Гурин (Омельковец)

Қақпашылар: Нурек (Тихонов, 28:08-60:00) – Нечвиенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.