Торпедоның 100 голы, Қарағанды мен Көкшетаудағы буллиттер

6 qarasha
402

Pro Ligasy-ның Ақтөбедегі, Қарағанды мен Көкшетаудағы матчтарын бақылайық.

«Торпедо» тағы да «Ақтөбеге» еш мүмкіндік қалдырмады. Қонақтар үшінші кезеңде қарқынды ойын көрсетіп, сенімді жеңіске жетті және чемпионат көшбасшыларының үштігіндегі орнына бекіді. Сонымен қатар Никита Колобов соққан шайба өскемендіктер үшін биылғы маусымдағы жүзінші болды. Екі нәтижелі шабуылға Андрей Рунов пен Александр Пелевин үлес қосты (екеуінде де 1+1).

«Ақтөбе» - «Торпедо» 1:5 (0:1, 1:1, 0:3)

0:1 - 02:01 - Быков (Рунов)

0:2 - 21:58 - Рунов (Лагунов) ГМ

1:2 - 32:57 - Сайко (Зизевских) ГБ

1:3 - 49:02 - Пелевин ГБ

1:4 - 50:51 - Яковлев (Алдабергенов, Пелевин) ГБ

1:5 - 55:03 - Колобов

Қақпашылар: Дубович – Янков

«Сарыарқа» мен «Алматы» арасындағы екінші матчта жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Қарағандылықтар қарсылас қақпасына 62 соққы бағыттағанымен, қонақтар төтеп беріп қана қоймай, Муса Гусейновтің шешуші буллитінің арқасында екі ұпай алып кетті. Кездесудің қаһарманы деп 59 сейв жасаған алматылық қақпашы Никита Эрштейнді атауға болады.

«Сарыарқа» - «Алматы» 3:4 Б (0:1, 2:1, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 05:54 - Анисимов (Андрусенко, Ананичев)

0:2 - 25:57 - Машинец (Атаханов, Гусейнов)

1:2 - 30:18 - Лихотников

2:2 - 31:52 - Пономарёв (Королинский, Дёмин)

2:3 - 52:41 - Андрусенко (Анисимов)

3:3 - 54:23 - Михайлов (Карабань, Лихотников)

3:4 - 65:00 – Гусейнов ПБ

Қақпашылар: Кадочников – Эрштейн

«Арлан» мен «Горняк» та буллиттер сериясына дейін жетті. Негізгі уақыттың аяқталуына 19 секунд қалғанда Данила Платоновның дәл соққысының арқасында рудныйлық команда жеңілістен құтылып кетті. Алайда буллиттер сериясында кокшетаулықтар бәрібір өз дегеніне жетті – шешуші голды Евгений Орлов соқты. Тимур Мейдер 24 сейв жасады. Осы жеңістің арқасында алаң иелері маусымдағы ұпай санын 30-ға жеткізді.

«Арлан» - «Горняк» 2:1 Б (0:0, 1:0, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 - 22:01 - Гопиенко (Санников, Преснов) ГБ

1:1 - 59:41 - Платонов (Степанов, Гурин)

2:1 - 65:00 – Орлов ПБ

Қақпашылар: Мейдер - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.