Номад Старченконың дебюттік матчында Құлагерді жеңді, Ертіс Бейбарыстың қақпасын ала алмады

6 qarasha
394

Pro Ligasy-ның Астана мен Павлодардағы матчтарын бақылаймыз.

Жақында жарақаттан толық айығып, бабына келе жатқан қазақстандық хоккей аңызы Роман Старченко алдағы уақытта «Номад» сапында өнер көрсетеді. Бүгін жұлдызды шабуылшы Олег Бойкоға нәтижелі пас беріп көзге түсті, ал оның командасы көшбасшылардың бірі «Құлагерге» қарсы қиын жеңіске қол жеткізді. «Көшпенділер» құрамында Кирилл Никитин мен Артур Гатиятов та өз есептерін толықтыра алды. Роман Калмыков қақпаға бағытталған 15 соққыны қайтарды. Осылайша Константин Пушкарёвтің шәкірттері биылғы маусымдағы негізгі уақытта 20-шы жеңісіне қол жеткізді.

«Номад» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 - 10:34 - Никитин (Калмыков) ГБ

2:0 - 37:13 - Бойко (Старченко)

3:0 - 40:20 - Гатиятов (Данияр, Гусейнов)

3:1 - 52:54 - Муканов (Шапорев, Бурлака) ГБ

Қақпашылар: Калмыков – Осокин

«Ертіс» пен «Бейбарыс» арасындағы екінші кездесудің шешуші сәттері матчтың ең соңында орын алды. Алдыңғы ойынның батыры Алексей Клочков бұл жолы да Вячеслав Нечвиенко күзеткен қақпаны дәл көздей алды, ал қақпашы жалпы есепте 35 соққыны қайтарды. Соңғы нүктені Павел Колотыгин қойды – ол павлодарлықтардың бос қақпасына шайба аттандырды.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 54:59 - Клочков (Ковзалов, Асуханов)

0:2 - 59:46 - Колотыгин ПВ

Қақпашылар: Нечвиенко - Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.