Торпедо мен Сарыарқаның жеңістері, Ертіс маусымдағы алғашқы үй матчында жеңілді, Клочков хет-трик жасады

5 qarasha
657

Сәрсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч өтті.

Ағымдағы маусымдағы алғашқы өз алаңындағы ойынын өткізген «Ертіс» «Бейбарысқа» төтеп бере алмады. Жекпе-жектің шешуші сәті екінші кезең болды, дәл осы кезеңде қонақтар бес шайба соқты. Алексей Клочков хет-трик авторы атанды, Артём Ананичев дубль жасады. Сергей Можаев үш рет әріптестеріне нәтижелі пас берді. Атыраулықтар үшін бұл жеңіс – биылғы тұрақты чемпионаттағы жетіншісі.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 1:10 (0:2, 1:5, 0:3)

0:1 - 09:19 - Ананичев (Шишов, Гасников)

0:2 - 12:07 - Пиниди (Свинтальский, Колотыгин) ГБ

0:3 - 23:11 - Ананичев (Авдеенко, Можаев)

1:3 - 28:32 - Шлычков (Демирделен, Акпирганов) ГБ

1:4 - 30:12 - Клочков (Авдеенко, Ковзалов) ГБ

1:5 - 34:02 - Ковзалов (Асуханов, Клочков)

1:6 - 35:02 - Еркинов (Можаев, Пиниди)

1:7 - 37:48 - Свинтальский (Корчагин, Григорьев)

1:8 - 47:17 - Гасников (Трибунский, Шишов)

1:9 - 47:55 - Клочков (Можаев, Асуханов)

1:10 - 56:53 - Клочков (Ковзалов) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко (Какенов, 23:11-60:00) - Микушин (Байдек, 37:48-60:00)

Лиганың жетекші командаларының бірі «Торпедо» Ақтөбеде өткен алғашқы сыртқы матчын сәтті өткізді. Алғашқы кезеңде алаң иелері әлі де күрес көрсетуге тырысқанымен, кейінірек өскемендіктер ойын тізгінін толық өз қолына алып, екі ұпай еншілеп, турнир кестесіндегі үздік үштікке қайта оралды. Жеңіс шайбасын Андрей Лагунов артық құрамды тиімді пайдаланып соқты. Дмитрий Гренцтің еншісінде төрт нәтижелі пас бар.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 2:7 (2:3, 0:2, 0:2)

1:0 - 03:53 - Цихоцкий (Поленов, Мозжерин)

1:1 - 04:26 - Алдабергенов (Мусоров, Боровиков)

1:2 - 09:21 - Каиров (Рунов, Яковлев)

2:2 - 10:45 - Мозжерин (Цихоцкий, Надейкин)

2:3 - 16:46 - Лагунов (Хорошев, Гренц) ГБ

2:4 - 29:35 - Панченко (Гренц, Боровиков)

2:5 - 33:02 - Мусоров (Алдабергенов, Гренц)

2:6 - 44:32 - Кляузов (Гавриленко)

2:7 - 57:50 - Хорошев (Мусоров, Гренц) ГБ

Қақпашылар: Ершов (Дубович, 33:02-60:00) - Янков

«Сарыарқа» да өз мүмкіндігін мүлт жібермей, чемпионаттың көшбасшысы «Номадты» қуалауын жалғастырды. Қарағандылықтарға жеңіс әкелген – Егор Кузьменконың дәл соққысы, дубль авторы Сергей Барбашев және алматылықтардың бос қақпасына шайба салған Данила Карабань. Алаң иелерінің қақпашысы Жәкен Ибрагимов ойын барысында 28 сейв жасады.

«Сарыарқа» - «Алматы» 4:1 (1:0, 2:0, 1:1)

1:0 - 18:48 - Кузьменко (Борисевич)

2:0 - 34:29 - Барбашев (Степаненко)

3:0 - 38:38 - Барбашев (Лихотников, Михайлов)

3:1 - 45:05 - Гусейнов (Валиев, Атаханов)

4:1 - 58:43 - Карабань (Лихотников) ПВ

Қақпашылар: Ибрагимов - Клоберданец


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.