Pro Ligasy-ның Астана мен Петропавлдағы матчтарын бақылайық.

Чемпионат көшбасшысы «Номад» қарқынын бәсеңдетпей, қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді және ағымдағы маусымдағы 20-жеңісін тойлады. Сонымен қатар «көшпенділер» лигада бірінші болып тұрақты чемпионаттағы 100 шайба межесін аттап өтті – мерейтойлық шайбаның авторы Вячеслав Колесников болды. Сондай-ақ сұрмергендер Артур Гатиятов пен Александр Мигунов өз есептерін толықтырды.
«Номад» - «Ақтөбе» 3:2 (1:0, 0:1, 2:1)
1:0 - 14:36 - Колесников (Ляпунов, Бойко)
1:1 - 34:26 - Петров (Надейкин) ГБ
2:1 - 43:23 - Гатиятов (Диханбек, Гусейнов) ГБ
3:1 - 43:59 - Мигунов (Китаров, Решетько)
3:2 - 56:05 - Калиниченко (Плотников)
Қақпашылар: Дударкиев - Дубович

«Құлагер» «Горнякқа» қарсы ойында есеп 0:2 және 1:3 кезінде есе қайтарып, буллит сериясына жетіп, Алмаз Мұкановтың дәл соққысы арқасында 2 ұпай алды. Осы жеңістен кейін петропавлдықтар екінші орында тұрған «Сарыаркадан» ұпай айырмасын бірге дейін қысқартты. Рудныйлықтар сапынан бүгін Андрей Ревацкий екі паспен көзге түсті.
«Құлагер» - «Горняк» 4:3 Б (0:1, 1:2, 2:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 03:48 - Гурин (Кротов, Юлбарисов)
0:2 - 25:48 - Өтебаев (Ревацкий, Лазарев)
1:2 - 35:26 - Исмагилов (Попитич, Тунхузин)
1:3 - 38:23 - Гурин (Ревацкий, Рахимов)
2:3 - 40:57 - Шапорев (Бурделёв)
3:3 - 49:28 - Сошников (Мартынов, Шапорев)
4:3 - 65:00 – Мұқанов ПБ
Қақпашылар: Осокин - Нурек
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Saryarqa
Arlan
Torpedo
Qulager