Торпедо мен Арланның кезекті жеңістері

2 qarasha
164

Pro Ligasy-ның Алматы мен Көкшетаудағы матчтарын бақылайық.

Илья Кляузовтың дублі мен Андрей Руновтың голы «Торпедоға» оңтүстік астанада екінші жеңісті сыйлады. Қонақтар қақпашысы Владислав Пестов қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды. Өскемендіктер 32 ұпаймен чемпионаттағы үздік төрттікке өз орнын сақтап отыр.

«Алматы» - «Торпедо» 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)

0:1 - 14:03 - Кляузов (Гребенщиков, Рахманов)

0:2 - 14:59 - Рунов (Лагунов, Быков)

1:2 - 26:50 - Айдуков (Фокин)

1:3 - 44:02 - Кляузов (Рахманов, Александров)

Қақпашылар: Эрштейн – Пестов

«Бейбарыс» Көкшетауда ұпай ала алмады. Бүгінгі кездесуде де жеңіс аз айырмашылықпен «көкшеліктердің» қолына тиді, олар лига көшбасшыларын өкшелеп қуып келеді. Сұрмергендер Александр Гопиенко мен Игорь Кисель өз есептерін толықтырды. Тимур Мейдер қарсыластың 24 соққысына тосқауыл қойып, команданы құтқарды.

«Арлан» - «Бейбарыс» 2:1 (0:0, 0:1, 2:0)

0:1 - 26:49 - Ковзалов (Асуханов, Григорьев)

1:1 - 45:57 - Гопиенко (Преснов)

2:1 - 48:48 - Кисель (Беляев, Чапоров)

Қақпашылар: Мейдер - Осипов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.