Сенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матчы өтті.

«Торпедо» ауыр матчта «Алматыдан» жеңісті жұлып алды. Өскемендіктерге жеңіс әкелгендер – Станислав Александров, Илья Кляузов және Максим Мусоров. Қонақтар қақпашысы Владислав Пестов қақпаға бағытталған 33 соққыны қайтарды. Енді Андрей Коробейников жаттықтыратын команданың қоржынында 30 ұпай бар, бұл көрсеткіш оларға үздік үштіктен екі ұпай айырмашылығымен төртінші орында тұруға мүмкіндік береді.
«Алматы» - «Торпедо» 2:3 (0:1, 1:1, 1:1)
0:1 - 07:24 - Александров (Хорошев, Боровиков)
1:1 - 21:02 - Жульдиков (Рангаев, Гафаров) ГБ
1:2 - 32:28 - Кляузов (Боровиков, Александров)
1:3 - 44:44 - Мусоров (Хорошев, Гренц) ГБ
2:3 - 57:04 - Машинец (Атаханов)
Қақпашылар: Клоберданец - Пестов

«Арлан» өз алаңындағы «Бейбарыспен» өткен алғашқы кездесуде шешуші серпілісті 34-минутқа қарай жасады. Команда сапында Никита Свинцицкий және дубль авторы Евгений Орлов өз есептерін толықтырды. Тимур Мейдердің 22 сейв жасады.
«Арлан» - «Бейбарыс» 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)
1:0 - 03:13 - Свинцицкий (Ибраев, Беляев)
2:0 - 13:52 - Орлов (Аипов, Бейсембиев)
3:0 - 33:19 - Орлов (Санников, Преснов)
3:1 - 33:46 - Клочков (Можаев) ГБ
3:2 - 46:34 - Свинтальский (Ковзалов)
Қақпашылар: Мейдер - Микушин

«Номад» «Ақтөбені» ірі есеппен жеңіп, ағымдағы чемпионаттағы 100-ші шайба мен 20-шы жеңіс межесіне бір қадам қалдырды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы – қазан айының үздік шабуылшысы Диас Гусейнов (2+1) болды. Қонақтар құрамынан Антон Петров абырой шайбасын соқты.
«Номад» - «Ақтөбе» 6:1 (2:1, 3:0, 1:0)
1:0 - 09:22 - Мигунов (Решетько, Мангисбаев) ГМ
1:1 - 10:28 - Петров (Плотников)
2:1 - 16:34 - Касенов
3:1 - 25:23 - Гусейнов (Гатиятов, Диханбек)
4:1 - 28:19 - Гусейнов (Гатиятов, Данияр)
5:1 - 34:40 - Диханбек (Бойко, Гусейнов) ГБ
6:1 - 57:48 - Бейсембаев (Никитин, Бойко)
Қақпашылар: Калмыков (Дударкиев, 40:00-60:00) - Ершов (Дубович, 34:40-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager
Saryarqa