Pro Ligasy-ның Өскемен мен Атыраудағы матчтарын бақылаймыз.

Күннің басты кездесуінде қақпашылардың ойыны басты рөл атқарды. «Торпедо» мен «Сарыарқа» арасындағы матчта алаң иелері сәл белсендірек көрінгенімен, Данил Кадочников қарсыластардың есеп ашуға бағытталған 37 соққысының барлығын тойтарды. Нәтижесінде жеңімпаз овертаймда анықталды — онда Егор Кузьменконың дәл соққысы қарағандылықтарға маңызды екі ұпай сыйлады. Осы жетістіктің арқасында Владимир Князевтің шәкірттері кем дегенде бүгінгі ойындар сериясы аяқталғанға дейін лига турнир кестесінің көшін бастады.
«Торпедо» - «Сарыарқа» 0:1 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 62:17 - Кузьменко (Барбашев)
Қақпашылар: Пестов - Кадочников

«Ақтөбе» Атырауда өткен екінші ойында «Бейбарыстан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Соңғы кезеңнің басына қарай қонақтар үш рет басымдықты тиімді пайдаланып, ойынның қарқынын толық бақылауда ұстап, екі ұпай иеленді. Жеңіс шайбасын Владислав Плотников соқты, ал Михаил Калиниченко қонақтардың екі голдық шабуылына қатысып, өз есебіне бір гол және бір пас (1+1) жазды.
«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 1:5 (0:1, 0:2, 1:2)
0:1 - 14:52 - Зизевских (Цихоцкий, Мозжерин) ГБ
0:2 - 26:46 - Плотников (Калиниченко, Киселёв) ГБ
0:3 - 38:05 - Калиниченко (Шайкенов, Петров) ГБ
0:4 - 44:47 - Астраханцев (Арғымбаев, Зизевских)
1:4 - 52:20 - Гасников (Пиниди, Клочков) ГБ
1:5 - 57:19 - Надейкин ПВ
Қақпашылар: Микушин (Осипов, 44:47-60:00) - Костюков (Ершов, 36:18-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Qulager
Arlan