Бейбарыс Ақтөбені минималды есеппен жеңді

27 qazan
165

Pro Ligasy ойын күнінің жалғыз матчы Атырауда өтті.

Бүгін батыстықтар тартысында «Бейбарыс» командасы басым түсті. Кездесудің нәтижесін екінші кезеңнің ортасында көзге түскен Даниил Свинтальскийдің шайбасы шешті. Алаң иелерінің қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 33 соққыны тойтарды. Осы жеңістен кейін «Бейбарыс» турнир кестесінде жетінші орынға тұрақтады.

«Бейбарыс» - «Ақтөбе» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 33:37 - Свинтальский (Микушин)

Қақпашылар: Микушин - Костюков


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.