Номадтың қарымтасы, шахтерлер астанасындағы овертайм

24 qazan
226

Pro Ligasy-ның Рудный мен Қарағандыдағы кездесулерін бақылаймыз.

Кешегі «Горнякпен» ойындағы жеңілістен кейін «Номад» дұрыс қорытынды шығарып, бүгін сенімді түрде реванш алды. Астаналық команда сапынан Саян Данияр дубль жасады, ал Диас Гусейнов (1+2) пен Кирилл Ляпунов (0+3) нәтижелілік бойынша үш ұпайдан еншіледі. «Көшпенділер» тұрақты чемпионаттың аралық көшбасшысы ретіндегі орнын сақтап қалды.

«Горняк» - «Номад» 3:6 (1:1, 1:2, 1:3)

0:1 - 04:47 - Миндубаев (Ляпунов)

1:1 - 13:56 - Лазарев (Юлбарисов, Гурин) ГБ

1:2 - 28:07 - Данияр (Ляпунов, Бутенко) ГБ

1:3 - 31:11 - Оразов (Гусейнов) ГБ

2:3 - 38:40 - Кротов (Лазарев, Гурин) ГБ

2:4 - 52:28 - Данияр (Диханбек, Гусейнов) ГБ

2:5 - 57:51 - Гусейнов (Ляпунов) ГБ

2:6 - 59:04 - Китаров (Миндубаев)

3:6 - 59:30 - Крицин (Катков, Саввин)

Қақпашылар: Тихонов - Калмыков (Дубинскас, 42:48-43:38)

«Сарыарқа» мен «Арланға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Овертаймда сәттілік пен шеберлік көкшетаулықтардың жағында болды – шешуші шайбаның авторы сан басымдығын тиімді пайдаланған Арсений Борисов атанды.

«Сарыарқа» - «Арлан» 3:4 ОТ (0:2, 2:0, 1:1, 0:1)

0:1 - 08:46 - Кураков (Санников, Преснов)

0:2 - 15:51 - Гопиенко (Преснов)

1:2 - 22:10 - Королинский (Степанов)

2:2 - 23:28 - Пальмтаг (Смольянинов, Сиксна)

2:3 - 43:33 - Залевский (Свинцицкий, Недилько)

3:3 - 52:44 - Наместников (Сиксна)

3:4 - 60:21 - Борисов (Гопиенко, Санников) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.