Торпедо Құлагерден басым түсті, Ақтөбе Ертістен қарымта қайтарды

24 qazan
243

Pro Ligasy-ның Өскемен мен Ақтөбедегі матчтарын бақылаймыз.

«Торпедо» өз алаңындағы алғашқы ойында «Құлагерге» қарсы сенімді ойын көрсетті. Өскемендіктер шешуші басымдыққа екінші кезеңнің соңына қарай Владимир Боровков, Дмитрий Гренц, Александр Панченко және Эрик Алдабергенов соққан дәл шайбалардың арқасында қол жеткізді. Қақпашы Андрей Янков қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Құлагер» 4:1 (2:0, 2:0, 0:1)

1:0 - 02:00 - Боровков (Рысбеков)

2:0 - 05:09 - Гренц (Рахманов)

3:0 - 26:20 - Панченко

4:0 - 37:52 - Алдабергенов (Лагунов, Панченко)

4:1 - 47:09 - Сошников (Своеволин) ГБ

Қақпашылар: Янков - Каратаев

Қайта өткен кездесуде «Ақтөбе» мен «Ертіс» арасындағы ойында бәрін алаң иелерінің соққан жалғыз шайбасы шешті. 34-ші минутта көзге түскен Даниил Надейкин өз командасына екі ұпай сыйлады. Илья Костюков қарсыластардың қақпаға бағыттаған 27 соққысын тойтарды.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 33:44 - Надейкин (Цихоцкий, Герасимов)

Қақпашылар: Костюков - Какенов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.