Pro Ligasy-ның Атыраудағы, Ақтөбе мен Рудныйдағы кездесулерін бақылаймыз.

«Алматы» нәтижелі жекпе-жекте «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. 25-ші минуттың басында атыраулықтар қарсыласты үш рет састырды. Алайда оңтүстікастаналық ұжым өкшелеп қуумен болды және ол нәтиже берді. Қонақтарға жеңіс сыйлаған соққыны кездесудің аяқталуына үш жарым минут қалғанда Дамир Айдуков салды, дубльді өз есебіне Муса Гусейнов жазды. Алаң иелері құрамынан Евгений Гасников екі гол салды.
«Бейбарыс» - «Алматы» 4:5 (2:0, 1:1, 1:4)
1:0 - 05:48 - Пиниди (Гасников, Можаев) ГБ
2:0 - 17:26 - Шишов (Ананичев, Колотыгин) ГБ
3:0 - 24:01 - Гасников (Можаев)
3:1 - 32:40 - Селезнёв (Анисимов, Валиев) ГБ
3:2 - 46:15 - Гусейнов (Машинец, Ананичев) ГБ
3:3 - 50:48 - Гусейнов (Ананичев, Тарасов)
3:4 - 51:34 - Анисимов (Гусейнов, Рангаев) ГБ
4:4 - 54:40 - Гасников (Колотыгин)
4:5 - 56:31 - Айдуков
Қақпашылар: Осипов - Эрштейн

«Ақтөбе» бүгін маусымдағы үшінші жеңісіне өте жақын болды. Үшінші кезеңнің басында алаң иелері екі шайба айырмасымен алда тұрды (Владислав Комаров дубль жасады), алайда соңғы кезең толықтай «Ертістің» бақылауында өтті. Алдымен павлодарлықтар Дмитрий Пидяшов пен Андрей Медведковтың күш-жігерінің арқасында есепті теңестірді. Ал матчтың аяқталуына төрт минуттан сәл астам уақыт қалғанда Владимир Шлычков сан басымдығын тиімді пайдаланып, өз командасына көптен күткен екі ұпай сыйлады. Бұл жеңіс «Ертіске» турнирлік кестенің соңғы орнынан көтерілуге мүмкіндік берді.
«Актобе» - «Ертіс» 2:3 (1:0, 1:0, 0:3)
1:0 - 14:36 - Комаров (Калиниченко, Петров)
2:0 - 23:16 - Комаров (Петров, Плотников) ГМ
2:1 - 42:57 - Пидяшов (Евлоев, Акпирганов)
2:2 - 45:59 - Медведков (Игушкин, Дьяченко)
2:3 - 55:47 - Шлычков (Акпирганов) ГБ
Қақпашылар: Ершов - Какенов

«Горнякпен» болған түздегі матч лиганың уақытша көшбасшысы «Номад» үшін сәтсіз басталды. Бірінші кезеңде «көшпенділер» бес шайба жіберіп алды – бұл Константин Пушкарёв командасының соңғы үш ойында жіберген шайбаларының жалпы санына тең. Оскар Юлбарисов 16 минутқа жетпейтін ойын уақытында хет-трик жасады. Қонақтар кездесудің барысын өзгертуге тырысқанымен, рудныйлықтар басымдығын уыстарынан шығармай, қарсыластардың он матчқа созылған жеңіс сериясын тоқтатты. Алаң иелері сапында Данила Платонов дубль жасаса, Евгений Степанов үш рет әріптестеріне нәтижелі пас берді.
«Горняк» - «Номад» 7:3 (5:0, 0:3, 2:0)
1:0 - 01:02 - Юлбарисов (Утебаев, Горожанинов)
2:0 - 01:46 - Юлбарисов (Гурин, Степанов)
3:0 - 12:41 - Пархоменко (Гурин, Катков)
4:0 - 15:21 - Юлбарисов (Степанов)
5:0 - 18:01 - Гурин (Степанов, Лазарев)
5:1 - 24:56 - Бейсембаев
5:2 - 32:30 - Оразов (Волков, Гусейнов) ГБ
5:3 - 37:54 - Ляпунов (Оразов, Оспанов)
6:3 - 43:27 - Платонов (Горожанинов, Утебаев)
7:3 - 47:02 - Платонов
Қақпашылар: Нурек (Тихонов, 33:12-36:34) - Калмыков (Дударкиев, 15:21-20:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Qulager
Arlan