Бейбарыс Өскеменде қарсыласқа төтеп бере алмады

17 qazan
592

Pro Ligasy ойын күнінің жалғыз матчы Өскеменде өтті.

Бірінші кезеңде командалар Владимир Гребенщиков пен Артём Ананичевтің орындауындағы голдармен алмасты. Айтқандай, осы екі голдың арасы небәрі 71 секунд. Әрі қарай таблодағы есеп ұзақ уақыт бойы өзгермеді. Алайда кездесудің соңында «торпедолықтар» қарсыласты тықсыра білді – Дмитрий Гренц пен Эрик Алдабергенов гол салды. Владислав Пестовтың есебінде 29 сейв бар.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)

1:0 - 15:33 - Гребенщиков (Колобов, Рунов)

1:1 - 16:44 – Ананичев (Асуханов)

2:1 - 54:42 - Гренц (Мусоров)

3:1 - 57:55 - Алдабергенов (Панченко, Хорошев) ГБ

Қақпашылар: Пестов - Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.