Номад жеңістер сериясын ұзартты

13 qazan
641

Қазақстан хоккей чемпионатының дүйсенбі күнгі жалғыз матчы ел астанасында өтті.

«Горняк» «Номадтың» шабуылдық қарқынына төтеп бере алмады, ал «көшпенділер» жеңіс шеруін жеті матчқа дейін ұзартты. Команда сапында Александр Мигунов дубльмен көзге түссе, Кирилл Ляпунов пен Руслан Оспанов өз есептеріне үш ұпайдан (екеуінде де 1+2) жазды. Роман Калмыков қақпаға бағытталған 37 соққыны қайтарды.

«Номад» - «Горняк» 6:1 (1:1, 2:0, 3:0)

1:0 - 03:49 - Мигунов (Кеңесбай)

1:1 - 18:48 - Гурин (Платонов, Кротов)

2:1 - 22:41 - Гатиятов (Оразов, Гусейнов) ГБ

3:1 - 30:18 - Мигунов (Цыбин)

4:1 - 44:05 - Ляпунов (Оспанов, Оразов)

5:1 - 51:45 - Бойко (Оспанов, Ляпунов)

6:1 - 55:58 - Оспанов (Ляпунов)

Қақпашылар: Калмыков - Тихонов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.