Қазақстан хоккей чемпионатының ойын күніндегі жалғыз матч Петропавл қаласында өтті.
«Құлагер» қорғаныста өте сенімді ойын көрсетіп, «Ақтөбе» хоккейшілеріне Денис Каратаевтың қақпасын бұзуға мүмкіндік берген жоқ. Қақпашы 21 соққыны тойтарса, ал оның командаластары Герман Шапорев пен артық құраммен көзге түскен Евгений Бурлакидің шайбаларының арқасында жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Андрей Спиридоновтың шәкірттері ұпай саны бойынша үшінші орында тұрған «Сарыарқамен» теңесіп, қосымша көрсеткіштер бойынша оны басып озды.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
1:0 - 09:07 - Шапорев (Воробьёв, Гатин)
2:0 - 32:29 - Бурлака (Двуреченский) ГБ
Қақпашылар: Каратаев - Дубович
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak