Жұмыс аптасы Қазақстан чемпионатындағы үш кездесумен аяқталды.
«Номад» маусымда үшінші рет «Бейбарысты» тізе бүктірді. Негізгі уақытта Вячеслав Колесников пен Артём Ананичев бір-бір гол соғып, командалар есепті теңестірді. Ал овертаймда «көшпенділерге» екі ұпайды Олег Бойко сыйлады. Астаналық команда турнир кестесіндегі бірінші орнын нығайтты.
«Бейбарыс» - «Номад» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 18:02 - Колесников (Диханбек, Оразов) ГБ
1:1 - 31:13 – Ананичев Ар. (Шишов, Асуханов)
1:2 - 62:52 - Бойко (Гатиятов, Оразов)
Қақпашылар: Осипов - Дубинскас
Қарағандыдағы екінші ойында «Сарыарқа» «Торпедодан» жеңісті жұлып алды. Айта кетерлігі, шешуші шайбаны қарағандылықтар кездесудің соңғы минутында соқты – оның авторы Руслан Дёмин болды. Данил Кадочников өз қақпасын 33 рет аман сақтап қалды. Төрт жеңілістен кейін Владимир Князевтің шәкірттері лигада үшінші орынға орнықты.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 4:3 (0:1, 2:1, 2:1)
0:1 - 09:20 - Рунов (Колобов)
1:1 - 21:04 - Борисевич (Сиксна, Барбашев)
1:2 - 34:58 - Рифель (Глухих, Базанов)
2:2 - 39:13 - Карабань (Лихотников, Борисевич)
2:3 - 46:02 - Панченко (Гренц)
3:3 - 53:11 - Фазлеев (Михайлов, Барбашев) ГБ
4:3 - 59:01 - Дёмин (Королинский)
Қақпашылар: Кадочников - Пестов
«Құлагер» турнир кестесіндегі жоғары орындар үшін күресін жалғастыруда. Бүгін петропавлдықтар өз алаңында өткен ойында «Ақтөбеге» қарсы ойында еш қиындық көрген жоқ. Қонақтар қақпасына жауапсыз бес шайба соғылды. Дмитрий Исмагилов пен Евгений Попитич «Құлагердің» үш гол соққан шабуылдарына қатысып (екеуінің де есебінде 1+2), ерекше көзге түсті. Антон Осокин қақпаға бағытталған 17 соққыны қайтарды.
«Құлагер» - «Ақтөбе» 5:0 (2:0, 2:0, 1:0)
1:0 - 11:36 - Исмагилов (Воробьёв, Попитич)
2:0 - 12:44 - Двуреченский (Ербатыров, Марқабаев)
3:0 - 30:25 - Марқабаев (Своеволин, Мартынов)
4:0 - 33:47 - Гончаров (Исмагилов, Попитич) ГБ
5:0 - 43:44 - Попитич (Воробьёв, Исмагилов) ГБ
Қақпашылар: Осокин - Костюков (Дубович, 33:47- 60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager
Saryarqa