Бейсенбіге Pro Ligasy-нда екі матч Астана мен Қарағандыда жоспарланды.

«Сарыарқа» мен «Торпедоның» алғашқы кездесуінде алаң иелері әр кезеңде артық құраммен бір-бір шайбадан соғып, қорғаныста сенімді ойын көрсетті. Өз есептерін сұрмергендер Радель Фазлеев, Данила Карабань және Сергей Барбашев толықтырды. Қарағандылықтардың қақпашысы Жәкен Ибрагимов қақпаға бағытталған 43 соққыны тойтарды. Владимир Князев командасы үшін бұл жеңіс қатарынан үшінші болды.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)
1:0 - 12:02 - Фазлеев (Михайлов, Лихотников) ГБ
2:0 - 31:28 - Карабань (Сиксна) ГБ
2:1 - 46:41 - Базанов (Тютюньков)
3:1 - 53:04 - Барбашев (Михайлов, Королинский) ГБ
Қақпашылар: Ибрагимов – Янков

Атыраудан Астанаға ауыстырылған матчтың алғашқы кезеңінде «Көшпенділер» қарқынды ойын көрсетіп, қарсыластар қақпасына үш шайба соқты. Кейін номиналды қонақтар кездесудің барысын өз бақылауында ұстап, сенімді жеңіске жетті. Бұл нәтиже, Қарағандыдағы «Торпедоның» жеңілісімен бірге, астаналық команданы турнир кестесінің бірінші орнына шығарды. «Номад» сапында Әділ Бейсембаев дубль авторы атанса, Мәди Диханбек үш рет әріптестеріне пас берді.
«Бейбарыс» - «Номад» 3:6 (1:3, 0:2, 2:1)
0:1 - 02:27 - Сүлейменов (Гросс)
0:2 - 10:40 - Колесников (Гусейнов)
1:2 - 11:36 - Можаев (Васин, Григорьев)
1:3 - 16:50 - Оспанов ГБ
1:4 - 22:33 - Бейсембаев (Диханбек, Бойко) ГБ
1:5 - 27:15 - Бейсембаев (Касенов)
2:5 - 48:04 - Клочков (Колотыгин, Ананичев)
2:6 - 51:11 - Касенов (Диханбек, Диханбек) ГБ
3:6 - 51:25 - Васин (Авдеенко) ГМ
Қақпашылар: Микушин (Осипов, 22:33-56:14, 59:33-59:51) - Калмыков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Qulager
Arlan