Горняк, Ақтөбе мен Құлагер қарсыластарынан қарымта қайтара алмады, Наместников хет-трик рәсімдеді

6 qazan
338

Қазақстан чемпионатындағы кезекті ойын аптасы үш матчпен басталады.

«Торпедоның» жеңісті сериясы тоғыз ойынға жетті. Бүгін өскемендік командаға жеңіс әкелген — қарқынды өткен үшінші кезең. Степан Александров дубль авторы атанса, Владислав Пестров қақпаға бағытталған 25 соққыны қайтарды.

«Торпедо» - «Горняк» 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 - 31:17 - Кротов (Степанов, Гурин) ГБ

1:1 - 39:05 - Александров (Гребенщиков)

2:1 - 45:58 - Александров (Алдабергенов, Лагунов)

3:1 - 46:14 - Рысбеков (Тютюньков)

4:1 - 54:09 - Колобов

Қақпашылар: Пестов - Нурек

«Ақтөбе» өз алаңында өткен «Номадқа» қарсы екінші ойында да қарсыластар қақпасын дәл көздей алмады. Мади Диханбек пен Диас Гусейнов (екеуі де – 1+2) «көшпенділердің» үш голдық шабуылына қатысып, командасының жеңісіне үлес қосты. Астаналық ұжым чемпионат көшбасшысы «Торпедоны» өкшелеп қуып келеді.

«Ақтөбе» - «Номад» 0:5 (0:3, 0:1, 0:1)

0:1 - 10:01 - Ляпунов (Бойко, Оспанов)

0:2 - 13:25 - Диханбек (Гусейнов, Бутенко)

0:3 - 14:14 - Гусейнов (Диханбек, Колесников) ГБ

0:4 - 21:37 - Колесников (Диханбек, Гусейнов)

0:5 - 48:13 - Гросс (Китаров, Мангисбаев)

Қақпашылар: Костюков (Дубович, 48:13-60:00) - Дубинскас

«Құлагер» Қарағандыдан ұпайсыз қайтты. «Сарыарқа» қарқынды өткен екінші кезеңде басым түсіп, кездесуде жеңіске жетті және турнир кестесінде петропавлдықтармен ұпай санын теңестірді. «Сары-қаралар» сапында Егор Наместников хет-трик авторы атанды.

«Сарыарқа» - «Құлагер» 5:1 (1:1, 3:0, 1:0)

0:1 - 02:21 - Двуреченский (Бурлака, Маркабаев) ГБ

1:1 - 18:50 - Наместников (Барбашев, Сиксна)

2:1 - 31:15 - Карабань (Степаненко, Лихотников)

3:1 - 35:28 - Барбашев (Наместников, Борисевич)

4:1 - 38:21 - Наместников (Сиксна)

5:1 - 49:30 - Наместников (Божко)

Қақпашылар: Ибрагимов - Каратаев

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.