Жексенбі күні Қазақстанның хоккей жанкүйерлері ел біріншілігінің үш кездесуін тамашалай алды.

«Номад» түздегі «Ақтөбеге» қарсы ойында кездесудің соңын сәтті өткізіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл матчта Кирилл Никитин (1+1) мен Олег Бойко (0+2) екі ұпайдан жинады. Роман Калмыков өз қақпасына бағытталған 16 соққының барлығын тойтарды.
«Ақтөбе» - «Номад» 0:4 (0:1, 0:0, 0:3)
0:1 - 14:10 - Колесников (Никитин)
0:2 - 44:56 - Никитин (Бойко)
0:3 - 47:30 - Ляпунов (Бойко)
0:4 - 54:59 - Гросс (Бутенко) ГБ
Қақпашылар: Ершов – Калмыков

«Торпедо» жеңісті сериясын сегіз кездесуге дейін ұзартып отыр. Бүгін Өскемен командасы маусымда үшінші рет «Горнякты» жеңді. Жеңіс шайбасының авторы — Никита Колобов. Андрей Корабейниковтың шәкірттері лиганың турнир кестесінде көш басында тұр.
«Торпедо» - «Горняк» 4:2 (2:1, 2:1, 0:0)
0:1 - 04:16 - Платонов (Гурин) ГБ
1:1 - 09:16 - Алдабергенов (Лагунов)
2:1 - 18:56 - Мусоров (Рахманов)
2:2 - 24:52 - Рахимов (Базько)
3:2 - 25:17 - Колобов (Рунов, Боровиков)
4:2 - 34:53 - Кляузов (Мусоров) ГБ
Қақпашылар: Пестов - Нурек

Ал «Құлагердің» жеңісті сериясы бес матчтан кейін үзіліп қалды. Бүгін петропавлдықтар екі рет сан басымдығын тиімді пайдаланған «Сарыарқамен» тең түсе алмады. Шешуші шайбаны Александр Борисевич соқты.
«Сарыарқа» - «Құлагер» 4:2 (1:1, 1:1, 2:0)
1:0 - 07:11 - Барбашев (Кузьменко)
1:1 - 15:27 - Своеволин
1:2 - 30:12 - Двуреченский (Маркабаев, Своеволин)
2:2 - 35:20 - Михайлов (Фазлеев, Степаненко) ГБ
3:2 - 46:24 - Борисевич (Наместников, Барбашев)
4:2 - 59:56 - Карабань (Лихотников) ГБ
Қақпашылар: Ибрагимов - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Gornyak