Pro Ligasy-ның бейсенбісінде Астана мен Өскеменде екі матч өтті.

«Сарыарқа» елордада ұпайға қол жеткізе алмады. Екінші матч та шешуші сәттерде дәлдік танытқан «Номадтың» еншісінде қалды. Жеңіс шайбасын Бейбарыс Оразов соқты, ал Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 29 соққыны қайтарды.
«Номад» - «Сарыарқа» 5:3 (2:1, 2:1, 1:1)
1:0 - 03:47 - Гусейнов (Гатиятов, Данияр)
1:1 - 08:06 - Карабань (Сиксна, Борисевич) ГБ
2:1 - 09:27 - Муратов (Оспанов, Лукавенко)
3:1 - 23:59 - Бойко (Оразов, Гросс)
4:1 - 28:02 - Оразов (Муратов)
4:2 - 38:50 - Михайлов (Степаненко, Пономарёв)
4:3 - 51:06 - Карабань (Кузьменко, Лихотников)
5:3 - 57:26 - Гатиятов ПВ
Қақпашылар: Дубинскас - Кадочников

«Алматымен» өткен екінші өз алаңындағы кездесуде «Торпедо» ойынды екпінді бастап, және бұл тактика өз нәтижесін берді. Дубль жасаған Дмитрий Гренц пен Михаил Рахмановтың дөп соққылары алаң иелеріне жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Осы жетістігінен кейін Андрей Корабейниковтің ойыншылары Лиганың турнир кестесінде көш бастады.
«Торпедо» - «Алматы» 3:2 (3:0, 0:2, 0:0)
1:0 - 03:17 - Гренц (Хорошев, Боровков) ГБ
2:0 - 05:41 - Рахманов (Кляузов, Гренц)
3:0 - 10:16 - Гренц (Лагунов, Рахманов)
3:1 - 22:20 - Гусейнов (Атаханов, Машинец) ГБ
3:2 - 30:08 - Габдуллин (Рангаев, Гусейнов)
Қақпашылар: Янков - Эрштейн
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Qulager
Arlan