Алматы овертаймда Номадты жеңді, Ақтөбе маусымдағы жетінші жеңілісіне ұшырады

27 qyrkúıek
1086

Сенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі кездесу жоспарланған.

Алматылықтар есепті ойынның екінші минутында-ақ Дамир Айдуковтың дәл соққысымен ашты. Ұзақ уақыт бойы табло көрсеткіші өзгеріссіз қалды. Тек матчтың аяқталуына 18 секунд қалғанда Бейбарыс Оразов көк сызықтан бағыттаған шайбасымен ойынды овертаймға жеткізді. Қосымша уақытта «Номад» жаттықтырушылар штабы қақпашыны төртінші алаң ойыншысына ауыстырып, қарсы қақпаға шабуыл ұйымдастыруды шешті. Алайда бұл мүмкіндікті қонақтар тиімді пайдаланып, Муса Гусейнов бос қақпаға шайба салды.

«Номад» - «Алматы» 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 - 01:37 - Айдуков (Гафаров)

1:1 - 59:42 - Оразов (Муратов, Гатиятов) ГБ

1:2 - 62:02 - Гусейнов (Атаханов)

Қақпашылар: Калмыков - Клоберданец

«Арлан» Ақтөбеден төрт ұпаймен оралды. Бүгін көкшетаулықтарға жеңісті Тамерлан Бейсембиев пен Степан Санниковтың дәл соққылары, сондай-ақ Владимир Истоминнің 30 сейві әкелді. Осылайша қонақтар турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартты, ал Виталий Казариннің шәкірттері тұрақты чемпионаттың алғашқы сегіз ойынында жетінші рет жеңіліске ұшырады.

«Ақтөбе» - «Арлан» 1:2 (0:2, 0:0, 1:0)

0:1 - 17:30 - Бейсембиев (Беляев, Карпов) ГБ

0:2 - 19:42 - Санников (Орлов, Гопиенко)

1:2 - 52:25 - Киселёв (Сапарбек, Плотников)

Қақпашылар: Ершов - Истомин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.