Қазақстан чемпионатындағы жұмыс аптасы екі кездесумен аяқталды.

«Құлагер» Рудныйға сәтті сапар жасап, төрт балл иемденді. Екінші кездесуде петропавлдықтар ойын барысын бақылауда ұстап, алты шайба салды. Қонақтар құрамынан Артём Бурделёв дубль жасады. Бүгінгі таңда Андрей Спиридоновтың ойыншылары Pro Ligasy-ның турнир кестесінде көш бастап тұр.
«Горняк» - «Құлагер» 2:6 (0:0, 1:3, 1:3)
0:1 - 23:27 - Бурделёв (Махамадеев)
0:2 - 25:39 - Гончаров (Попитич, Воробьёв) ГБ
1:2 - 34:29 - Утебаев (Ревацкий, Пархоменко)
1:3 - 36:00 - Сошников
1:4 - 45:50 - Бурделёв (Штефан, Габазов)
2:4 - 48:16 - Гурин (Юлбарисов, Кротов) ГБ
2:5 - 52:16 - Исмагилов (Бурлака)
2:6 - 53:41 - Маркабаев (Гатин)
Қақпашылар: Тихонов (Нурек, 53:41-60:00) - Каратаев

«Арлан» түзде «Ақтөбені» жеңіп, төрт матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді. Бірінші кезеңде-ақ алаң иелерінің қақпасына үш шайба аттанып, әрі қарай есеп алшақтығы өсе берді. Екі гол Евгений Орловтың есебінде, Степан Санников көкшетаулықтардың төрт нәтижелі шабуылына қатысты (1+3). «Ақтөбе» үшін бұл қатарынан бесінші жеңіліс болды.
«Ақтөбе» - «Арлан» 1:5 (0:3, 0:1, 1:1)
0:1 - 09:27 - Бейсембиев (Беляев, Аипов)
0:2 - 11:52 - Санников (Гопиенко)
0:3 - 17:51 - Орлов (Санников) ГБ
0:4 - 35:21 - Орлов (Свинцицкий, Санников) ГБ
0:5 - 41:28 - Свинцицкий (Санников, Орлов) ГБ
1:5 - 54:26 - Сапарбек (Петров, Плотников)
Қақпашылар: Костюков (Дубович, 35:46-60:00) - Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Saryarqa