Дмитрий Гренц – Қазақстан чемпионатының екінші аптасының ойыншысы

22 qyrkúıek
707

Pro Hokei Ligasy-ның екінші ойын аптасын қорытындылаймыз.

«Торпедо» өткен кезеңді тамаша өткізді: төрт матчтың төртеуін жеңіп, Лиганың аралық турнир кестесінде көш бастады. Дмитрий Гренц өткен аптада үш кездесуде ұпай жинады. Оның есебінде 4 шайба және 5 пас бар, пайдалылық көрсеткіші +9-ды құрады. Бұл ретте өскемендіктердің форварды өз соққыларының 23,53%-ын жүзеге асырды. Дәл қазір Гренц – чемпионаттың үздік бомбардирі.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.