Құлагер Ақтөбеде жеңіске жетті, Сарыарқа Көкшетауда тамаша камбэк жасады

21 qyrkúıek
542

Pro Ligasy-ның ойын күні төрт матчты қамтыды.

«Құлагер» «Ақтөбені» нәтижелі бірінші кезеңнің арқасында жеңді. Шешуші соққының авторы – Евгений Попитич. Маусым басында-ақ петропавлдықтар он ұпай жинап, Андрей Спиридонов жаттықтыратын команда чемпионат көшбасшыларының қатарына енді.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 2:3 (0:2, 1:1, 1:0)

0:1 - 00:25 - Воробьёв (Гончаров)

0:2 - 19:50 - Муканов (Маркабаев, Своеволин)

1:2 - 24:01 - Киселёв (Плотников, Петров) ГБ

1:3 - 32:23 - Попитич (Воробьёв, Исмагилов)

2:3 - 52:34 - Цихоцкий (Мозжерин, Комаров)

Қақпашылар: Костюков – Каратаев

«Арлан» бірінші кезеңді нәтижелі өткізіп, Евгений Орловтың дублі мен Леонид Беляев пен Дмитрий Пресновтың дәл соққыларының арқасында өзіне шешуші басымдық жасағандай көрінді. Алайда әрі қарай «Сарыарқа» ойынның бағытын өзгертіп, есепті теңестіріп қана қоймай, негізгі уақытта жеңісті жұлып алды. Қарағандылықтар сапынан Руслан Дёмин екі гол соқты, ал жеңіс шайбасының авторы Эдуард Михайлов болды.

«Арлан» - «Сарыарқа» 4:5 (4:1, 0:1, 0:3)

1:0 - 04:14 - Беляев (Карпов, Бейсембиев)

1:1 - 07:05 - Хрипков (Пальмтаг, Шульга)

2:1 - 12:51 - Орлов (Санников, Ибраев)

3:1 - 14:02 - Орлов (Санников, Преснов)

4:1 - 16:15 - Преснов (Залевский, Санников)

4:2 - 39:46 - Дёмин (Фазлеев, Михайлов) ГБ

4:3 - 41:21 - Дёмин (Кузьменко, Баженов) ГБ

4:4 - 50:52 - Фазлеев (Барбашев, Степаненко)

4:5 - 57:27 - Михайлов (Пальмтаг, Королинский)

Қақпашылар: Истомин - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.