Pro Ligasy-ның ойын күні төрт матчты қамтыды.

«Торпедо» өз алаңында тағы да «Ертісті» ойсырата ұтып, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Қарсыластар қақпасын Артур Глухих, Андрей Лагунов және Александр Панченко екі реттен дәл көздеді. Фёдор Хорошев өз командасының төрт голдық шабуылына үлес қосты (1+3). Павлодарлықтар сапынан абырой голын Владимир Шлычков соқты.
«Торпедо» - «Ертіс» 12:1 (6:0, 5:0, 1:1)
1:0 - 00:43 - Глухих (Пелевин, Гренц)
2:0 - 03:57 - Глухих (Боровиков, Мусоров)
3:0 - 10:31 - Лагунов (Хорошев, Боровиков)
4:0 - 14:00 - Тютюньков (Александров, Базанов)
5:0 - 15:35 - Гавриленко (Колобов, Кляузов)
6:0 - 17:42 - Гренц (Хорошев)
7:0 - 23:00 - Лагунов (Алдабергенов)
8:0 - 27:00 - Панченко (Алдабергенов, Быков)
9:0 - 28:02 - Базанов (Александров, Тютюньков)
10:0 - 30:51 - Алдабергенов (Панченко, Лагунов)
11:0 - 32:38 - Хорошев (Гренц)
11:1 - 44:16 - Шлычков (Евлоев, Акпирганов) ГБ
12:1 - 55:31 - Панченко (Алдабергенов)
Қақпашылар: Пестов - Какенов (Нечвиенко, 14:00-32:38)

«Горняк» «Бейбарыстан» қарымта қайтарды. Екінші матчта үшінші кезең шешуші болды. Рудныйлықтар үшін жеңіс шайбасының авторы – Оскар Юлбарисов. Валерий Гурин өз есебіне екі дөп соққы жазды. Қонақтардан Евгений Гасников дубль жасады.
«Горняк» - «Бейбарыс» 3:2 (0:0, 1:2, 2:0)
1:0 - 30:01 - Гурин (Юлбарисов, Кротов)
1:1 - 35:18 - Гасников (Можаев, Пиниди) ГБ
1:2 - 39:58 - Гасников (Васин, Пиниди) ГБ
2:2 - 49:14 - Гурин (Юлбарисов, Степанов)
3:2 - 51:29 - Юлбарисов (Гурин, Платонов)
Қақпашылар: Нурек - Микушин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Torpedo
Nomad
Arlan
Qulager