Қазақстан чемпионатындағы ойын уикенді Рудный мен Өскемендегі матчтармен ашылады.

«Бейбарыс» Рудныйда «Горнякты» минималды есеп айырмашылығымен жеңді. Атыраулықтар үшін жеңісті шайбаны үшінші кезеңнің басында дубль авторы атанған Виктор Васин артық құраммен соқты. Евгений Гасников өз командасының үш нәтижелі шабуылына үлес қосты (1+2). Қонақтардың қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 39 соққыны қайтарды.
«Горняк» - «Бейбарыс» 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)
1:0 - 03:43 - Гурин (Платонов, Степанов)
1:1 - 31:08 - Гасников (Васин, Можаев) ГБ
1:2 - 36:38 - Васин (Авдеенко, Гасников)
1:3 - 45:07 - Васин (Пиниди, Гасников) ГБ
2:3 - 50:02 - Платонов (Юлбарисов, Степанов) ГМ
Қақпашылар: Нурек - Микушин

«Торпедо» шығысқазақстандық тартыстың бірінші бөлігінде «Ертісті» тырп еткізбеді. Бірінші кезеңде-ақ павлодарлықтардың қақпасына төрт шайба аттанды. Өз есептеріне екі балдан Никита Колобов (1+1), Дмитрий Гренц (1+1), Максим Мусоров (0+2) пен Александр Пелевин (0+2) жазды.
«Торпедо» - «Ертіс» 6:0 (4:0, 1:0, 1:0)
1:0 - 05:26 - Алдабергенов (Гренц, Гавриленко)
2:0 - 14:05 - Гренц (Рахманов, Хорошев) ГБ
3:0 - 16:39 - Боровиков (Мусоров, Боровков)
4:0 - 18:54 - Кляузов
5:0 - 23:23 - Рунов (Пелевин, Колобов) ГБ
6:0 - 53:32 - Колобов (Мусоров, Пелевин) ГБ
Қақпашылар: Янков - Нечвиенко (Какенов, 20:00-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager