Сарыарқа алғашқы ұпайларын жинады, оңтүстік астанадағы овертайм

12 qyrkúıek
1236

Қарағанды мен Алматыда Қазақстан Республикасының хоккейден тұрақты чемпионатының кезекті матчтары өтті.

«Сарыарқа» шешуші үшінші кезеңдегі қарқынды ойынының арқасында «Горняктан» жеңісті жұлып алды. Бұл жетістік Владимир Князев командасы үшін жаңа маусымдағы алғашқысы болды. Қарағандылықтар сапында Александр Борисевич дубльмен көзге түссе, алаң иелерінің төрт нәтижелі шабуылына Артём Лихотников үлес қосты (1+3). Ал рудныйлықтардан екі дәл соққыны Руслан Утебаев өз еншісіне жазды.

«Сарыарқа» - «Горняк» 5:3 (1:1, 1:1, 3:1)

1:0 - 01:10 - Смольянинов (Пономарёв, Степаненко) ГБ

1:1 - 10:14 - Юлбарисов (Ляпунов, Козорез)

2:1 - 22:03 - Борисевич (Михайлов, Лихотников)

2:2 - 23:11 - Утебаев (Пархоменко)

2:3 - 40:23 - Утебаев

3:3 - 42:14 - Лихотников (Степаненко, Дёмин)

4:3 - 50:23 - Пономарёв (Лихотников, Борисевич)

5:3 - 59:42 - Борисевич (Лихотников, Баженов) ГБ

Қақпашылар: Кадочников - Нурек

«Алматы» мен «Ақтөбеге» жеңімпазды анықтауға 60 минут ойын жеткіліксіз болды. Негізгі уақытта алаң иелерінен Максим Петрасюк екі гол соқты. Қонақтар бұған Дінмұхамед Сапарбек пен Владислав Сайконың шайбаларымен жауап қатты. Ал овертаймда оңтүстік астаналықтарға екі ұпайды артық құраммен көзге түскен тәжірибелі Сергей Машинец сыйлады.

«Алматы» - «Ақтөбе» 3:2 (2:0, 0:0, 0:2)

1:0 - 04:16 - Петрасюк (Алламов) ГБ

2:0 - 05:59 - Петрасюк (Гафаров)

2:1 - 42:29 - Сапарбек (Петров, Плотников)

2:2 - 44:05 - Сайко (Филиппенко)

3:2 - 62:21 - Машинец (Атаханов) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн - Ершов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.