Астанада Pro Ligasy-ның тартысты ойын күні басталды.

Атыраулық «Бейбарыс» тұрақты чемпионат бағдарламасын «Номадқа» қарсы овертаймдағы жеңістен бастады. Қонақтарға жеңісті Даниил Свинтальский, Данила Пиниди және Артём Авдеенконың дәл соққылары әкелді. «Бейбарыс» қақпашысы Артём Микушин қақпаға бағытталған 32 соққыны қайтарды. «Көшпенділер» үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс болды.
«Номад» - «Бейбарыс» 2:3 (1:0, 0:2, 1:0, 0:1)
1:0 - 13:10 - Данияр (Муратов, Гатиятов) ГБ
1:1 - 20:33 - Свинтальский (Ананичев) ГБ
1:2 - 34:09 - Пиниди (Ковзалов)
2:2 - 47:58 - Диханбек (Гатиятов, Муратов)
2:3 - 62:21 - Авдеенко (Шишов, Ананичев)
Қақпашылар: Шестаков - Микушин

«Арлан» тағы да «Ертістен» басым түсті. Бұл кездесуде шешуші кезең үшінші кезең болды, онда алаң иелері үш нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Көкшетаулықтар құрамынан Максим Карпов дубльмен көзге түсті.
«Арлан» - «Ертіс» 5:1 (0:0, 2:0, 3:1)
1:0 - 29:04 - Карпов (Беляев, Роев)
2:0 - 34:14 - Родионов (Талерко)
2:1 - 40:38 - Билимбаев (Акпирганов, Шкленник) ГМ
3:1 - 50:47 - Кисель (Аипов, Борисов)
4:1 - 53:47 - Беляев (Бейсембиев, Карпов)
5:1 - 55:38 - Карпов (Бейсембиев)
Қақпашылар: Мейдер - Нечвиенко

«Құлагер» жаңа маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Торпедо» әлі де лиганың ең нәтижелі командасы болып қала береді. Осы жетістігінің арқасында өскемендіктер үздік үштік қатарындағы орнын сақтап қалды.
«Құлагер» - «Торпедо» 2:6 (1:2, 1:1, 0:3)
0:1 - 07:25 - Яковлев (Гребенщиков)
0:2 - 12:47 - Рысбеков (Тютюньков, Александров)
1:2 - 19:52 - Попитич (Воробьев, Коваленко) ГБ
1:3 - 25:54 - Мусоров
2:3 - 38:08 - Штефан ГМ
2:4 - 48:19 - Боровков (Гренц) ГМ
2:5 - 50:50 - Рахманов (Боровков, Мусоров)
2:6 - 57:41 - Тютюньков (Пестов, Гребенщиков)
Қақпашылар: Каратаев - Пестов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Saryarqa