Хоккейден Қазақстан чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Арлан» «Торпедодан» ойсырай жеңілгеннен кейін «Ертіспен» матчта ұпай жинады. Алайда павлодарлықтар да оңайлықпен беріспей, ойын тартысты өтті. Алаң иелері құрамынан 17 жастағы Богдан Залевский жеңіс шайбасын салды.
«Арлан» - «Ертіс» 3:2 (1:0, 0:0, 2:2)
1:0 - 05:15 - Роев (Беляев, Карпов)
1:1 - 45:10 - Игушкин (Анцельм)
2:1 - 45:41 - Преснов (Кисель)
3:1 - 53:50 - Залевский (Кисель)
3:2 - 56:00 - Евлоев (Симеониди)
Қақпашылар: Истомин – Нечвиенко

«Құлагер» «Торпедомен» текетіресте екі балл жинады және бұл петропавлдықтардың қатарынан үшінші жеңісі. Шешуші соққыны Алмас Мұқанов жасады, алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына Дмитрий Исмагилов (2+1) қатысты. «Құлагер» қақпашысы Антон Осокиннің есебінде 43 сейв бар.
«Құлагер» - «Торпедо» 4:3 (1:1, 2:2, 1:0)
1:0 - 14:19 - Исмагилов (Попитич, Муканов)
1:1 - 15:50 - Алдабергенов ШБ
2:1 - 21:04 - Исмагилов (Воробьев, Своеволин) ГБ
3:1 - 33:20 - Казаченко (Ербатыров, Воробьев)
3:2 - 34:26 - Мусоров (Рахманов)
3:3 - 39:03 - Гренц (Боровков) ГБ
4:3 - 50:07 - Муканов (Исмагилов, Попитич)
Қақпашылар: Осокин - Янков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Arlan
Qulager
Torpedo
Saryarqa