Сейсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатына екі матч жоспарланды.

«Алматы» мен «Горняк» арасындағы екінші кездесуде арнайы бригадалардың ойыны басты рөл атқарды. Бұл матчтағы бес шайбаның төртеуі тең емес құрамда соғылды, әрі бұл жағдай рудныйлықтардың пайдасына шешілді. Оскар Юлбарисов (1+2) өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысып, көзге түсті. Владислав Нурек жеңіске 29 сейвімен үлес қосты.
«Алматы» - «Горняк» 1:4 (0:1, 1:0, 0:3)
0:1 - 00:58 - Ляпунов (Юлбарисов, Козорез)
1:1 - 32:13 - Атаханов (Гусейнов, Тарасов) ГБ
1:2 - 42:48 - Юлбарисов (Катков, Лазарев) ГБ
1:3 - 43:48 - Өтебаев (Рахимов, Базько) ГБ
1:4 - 55:14 - Козорез (Юлбарисов) ГМ
Қақпашылар: Яковенко - Нурек

«Сарыарқа» ойынның алғашқы 22 минуты толық өтпей жатып бес шайба жіберіп алды, алайда кейін қарсыласты қуып жетіп, тіпті камбэк жасай жаздады. Дегенмен «Көшпенділер» 37 сейв жасаған Юргис Дубинскастың сәтті қимылдарының арқасында төтеп берді. Константин Пушкарёвтің ойыншылары алғашқы турды шығынсыз аяқтап, турнир кестесінде көш бастап тұрған «Құлагерді» ұпай саны бойынша қуып жетті.
«Сарыарқа» - «Номад» 4:5 (0:4, 3:1, 1:0)
0:1 - 09:17 - Түсіпбеков (Гросс, Бейсембаев) ГБ
0:2 - 10:23 - Маңғысбаев (Түсіпбеков, Гросс) ГБ
0:3 - 14:36 - Гусейнов (Бутенко, Данияр)
0:4 - 19:46 - Мигунов (Решетько, Решетько)
0:5 - 21:12 - Гатиятов (Данияр)
1:5 - 29:36 - Михайлов (Борисевич) ГБ
2:5 - 35:17 - Королинский (Наместников, Пальмтаг)
3:5 - 39:33 - Баженов (Михайлов, Борисевич) ГБ
4:5 - 57:03 - Дёмин (Михайлов, Степаненко)
Қақпашылар: Ибрагимов (Кадочников, 10:23-56:40, 57:03-57:38, 59:59-60:00) – Дубинскас
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Torpedo
Saryarqa
Arlan
Qulager