2025 жылғы Қазақстан кубогінің алғашқы жартылай финалында Pro Ligasy-ның өткен маусымдағы финалистері – «Торпедо» мен «Арлан» кездесті.
Кездесу өскемендіктердің көпшілік құрамдағы голымен басталды – Владимир Боровков көзге түсті. Үзіліске дейін көрермендер басқа гол көре алмады. Есесіне екінші кезең нәтижелі болды. Бұл кезеңде көкшетаулықтар дәлірек көздеді: Богдан Залевский мен Александр Гопиенко гол салды. Бұл екі голдың арасына Дмитрий Гренцтің шайбасы түсті.
Ойынның тағдыры үшінші кезеңде шешілді: Степан Рифель «Арланды» үшінші рет састырды. «Көкшеліктер» қақпашыны алаң ойыншысына алмастырғанымен жеңілістен құтыла алмады.
«Торпедо» - «Арлан» 3:2 (1:0, 1:2, 1:0)
1:0 - 04:18 - Боровков (Гренц, Хорошев) ГБ
1:1 - 23:29 - Залевский
2:1 - 26:29 - Гренц (Рахманов)
2:2 - 28:39 - Гопиенко (Борисов, Беляев) ГБ
3:2 - 51:25 - Рифель (Базанов, Каиров)
Қақпашылар: Пестов - Истомин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager