2025 жылғы Қазақстан кубогінің екінші жартылай финалдық жұбы – «Сарыарқа» мен «Құлагер». Екінші жартылай финалдың алдында кейбір статистикалық деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
Бұл текетіресте топтық кезеңнің ең нәтижелі командасы мен қорғанысы ең мығым ұжым кездеседі. «Құлагер» 3 ойында 18 шайба соқты. Ал «Сарыарқа» өз қақпасына небәрі 4 гол ғана жіберген.
Бомбардирлер тізімінің алғашқы төрт қатарын Қарағанды мен Петропавл өкілдері иеленіп тұр. Рейтингті «Құлагердің» ойыншысы Александр Воробьёв бастап тұр (2+5 ұпай). Одан кейін «сарыарқалық» Егор Кузьменко тұр (1+5). Герман Шапорев пен Сергей Барбашев 4+1 ұпай жинап, екеуі де алдын ала кезеңнің үздік мергендері атанды.
Кеншілер астанасының хоккей жанкүйерлері топтық кезеңде тамаша нәтиже көрсеткен Жәкен Ибрагимов пен Антон Осокин арасындағы қақпашылар тартысына куә болмақ. «Сарыарқа» қақпашысы бір ойында орта есеппен 1,5 шайба жіберіп алып, соққылардың 95,1%-ын тойтарды. Ал «Құлагер» қақпашысы екі матчта қарсыластарына қақпасын небәрі бір рет қана алуға мүмкіндік берді (СК – 0,5), тойтарылған соққылар пайызы 96,8-ге жетті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Torpedo
Arlan
Qulager