Торпедо Алматыны плей-оффқа өткізбеді, Сарыарқа А тобында жеңіске жетті

25 tamyz
1183

Қарағанды мен Өскеменде 2025 жылғы хоккейден Қазақстан кубогінің алдын ала кезеңі аяқталды.

«Сарыарқа» топтық кезеңді жеңіліссіз өткізді. «Арланға» қарсы ойында қарағандылықтар кездесудің соңында аз құраммен екі шайба жіберіп алып, жеңісті қолдан шығарып ала жаздады. Дегенмен көкшетаулықтар екінші орынмен шектелсе, «Сарыарқа» А тобында бірінші орынды иеленді. Шешуші шайбаның авторы – Эдуард Михайлов. Қонақтар құрамынан Денис Недилько дубль жасады.

«Сарыарқа» - «Арлан» 4:3 (1:0, 2:1, 1:2)

1:0 - 18:39 - Божко (Пальмтаг, Наместников)

2:0 - 26:32 - Борисевич (Симонов, Пономарёв)

2:1 - 27:18 - Недилько (Карпов, Аипов)

3:1 - 35:54 - Лихотников (Кузьменко) ГМ

4:1 - 42:00 - Михайлов (Барбашев, Лихотников)

4:2 - 54:23 - Санников ГМ

4:3 - 59:03 - Недилько (Гопиенко, Борисов) ГМ

Қақпашылар: Ибрагимов - Шефер

«Торпедо» В тобында сенсацияға жол берген жоқ. Өскемендіктер «Алматыны» еш қиындықсыз еңсеріп, өз тобында бірінші орын алды. Жеңімпаздар құрамынан Фёдор Хорошев (1+2) пен Михаил Рахманов (1+2) үш ұпайдан еншіледі.

«Торпедо» - «Алматы» 6:1 (2:0, 1:1, 3:0)

1:0 - 02:04 - Гренц (Хорошев, Рахманов) ГБ

2:0 - 13:52 - Панченко (Лагунов, Александров)

3:0 - 26:52 - Хорошев (Рахманов) ГБ

3:1 - 28:03 - Рангаев (Жульдиков)

4:1 - 44:43 - Боровков (Рыжий, Кляузов)

5:1 - 50:33 - Рахманов (Хорошев, Гренц) ГБ

6:1 - 56:44 - Рифель ГМ

Қақпашылар: Янков – Эрштейн

2025 жылғы Қазақстан Кубогінің жартылай финалдық матчтары келесідей өтеді: «Сарыарқа» – «Құлагер» және «Торпедо» – «Арлан». Кездесулер 28 тамыз күні Қарағандыда өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.