Құлагер Кубоктің жартылай финалына шықты

25 tamyz
611

Қарағанды мен Өскеменде 2025 жылғы хоккейден Қазақстан кубогінің алдын ала кезеңі аяқталуда.

«Горняк» турнирдегі соңғы ойынын «Бейбарысқа» қарсы сенімді жеңіспен аяқтады. Бұл кездесудің шешуші тұсы – артық құраммен ойнау болды. Рудныйлықтар үш рет сан басымдығын тиімді пайдаланып, қорғаныста да жақсы ойын көрсетті. Евгений Степанов дубль авторы атанса, Владимир Кротов үш рет әріптестеріне нәтижелі пас берді. Осылайша, «Горняк» үш ұпай еншілесе, «Бейбарыс» топтық кезеңді мүлде ұпайсыз аяқтады. Сөйтіп, қос команда да беделді жүлде жолындағы сапарын тәмамдады.

«Горняк» - «Бейбарыс» 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)

0:1 - 02:10 - Аргымбаев (Ананичев Ар., Можаев)

1:1 - 29:20 - Ревацкий (Пархоменко, Кротов)

2:1 - 32:09 - Гурин (Юлбарисов, Степанов) ГБ

3:1 - 50:18 - Степанов (Гурин, Кротов) ГБ

4:1 - 59:25 - Степанов (Юлбарисов, Кротов) ГБ

Қақпашылар: Нурек - Осипов

«Құлагер» «Ақтөбені» ойсырата жеңіп, Кубоктің жартылай финалына қарай шешуші қадам жасады. Петропавлдықтар сегіз шабуылды голға айналдырды. Александр Своеволин мен Герман Шапорев қарсыластар қақпасын екі реттен дәл көздеді. Антон Осокин қақпаға бағытталған 13 соққыны қайтарды. Осылайша, Андрей Спиридоновтың шәкірттері турнирдің шешуші кезеңіне шыққан алғашқы команда атанды.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 0:8 (0:2, 0:2, 0:4)

0:1 - 00:23 - Своеволин (Воробьев, Шапорев)

0:2 - 06:45 - Бурделёв (Штефан, Маркабаев)

0:3 - 25:05 - Своеволин (Воробьев)

0:4 - 34:21 - Шапорев (Гончаров, Гатин) ГБ

0:5 - 41:01 - Шапорев (Гатин, Гончаров) ГБ

0:6 - 44:09 - Габазов (Горожанинов, Муканов)

0:7 - 46:26 - Сошников (Попитич, Бурделёв)

0:8 - 51:02 - Исмагилов (Осокин, Дерзаев)

Қақпашылар: Ершов (Дубович, 41:01-60:00) - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.